Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Брэд Питт пен Анджелина Джоли балаларға қамқорлық жасауға қатысты келісімге келді

Голливуд жұлдыздары Брэд Питт пен Анджелина Джоли өздерінің алты баласының өмір сүретін мекен-жайына қатысты келісімге келді.

541b05ed7614ea344e1282cb30df5b2d

Фото: Glamour.ru

Бұл туралы BBC орыс қызметі хабарлайды.

Актрисаның ресми өкілінің айтуынша, ерлі-зайыптылар келісімді бір апта бұрын жасасқан. Келісімге сай, барлық балалары анасымен бірге қалады. Ал Питт балаларына тек демалыс күндері келіп тұра алады. Балалардың жасы 8-15 жас аралығында.

Бұған дейін Питтің соттан балаларға қамқорлық жасауды тең жағдайға бөлуді сұрағаны хабарланған еді.

Анджелина Джоли ажырасу туралы өтінішті осы жылдың қыркүйек айында берді. Ол бұл қадамға “отбасымның денсаулығы үшін бардым” деп түсіндірген.

Екі жұлдыз 2014 жылы үйленген болатын. Бұған дейін олар 10 жыл бірге тұрды. Олардың алты баласы бар. Үшеуі өздерінің баласы болса, үшеуін асырап алған.

Талқылау