Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайдағы қазақ оқушының шығармасы жұрттың жүрегін елжіретті

Қытайда WeChat желісі арқылы қазақ баланың жазған шығармасы кең таралып кетті. Ол шығарманы үйге берген тапсырма ретінде жазған, деп хабарлайды Қазақпарат.

photo_4609 (1)

Мұғалімі күз туралы бір шумақ өлең жазып келуге және жапырақ туралы шығарма жазуға тапсырма береді.

Қазақ бала шығармасында жапырақ арқылы анасына деген махаббатын суреттеген.

Баланың есімі кім екені белгісіз. Оның шығармасы мынадай мазмұнға сай:

Жылдам ғұмыр уақыт өтті зымырап,

Әп-сәтте алтын түске енді күзгі бақ.

Жапырақтар жыр парағым секілді,

Жер бетіне құлап жатыр судырап.

Мен жапырақтарды жек көрем. Өйткені менің анам көше тазалаушысы болып жұмыс істейді. Жапырақтарды сыпырады. Ол күнде сыпырған сайын жапырақтар қайта жерге түсе береді. Жапырақтар анамның маңдайынан төгілген тер секілді. Жапырақ ақын-жазушыларға ұнайтын шығар. Бірақ ол маған ұнамайды. Жапырақтар жерге түспейтін болғанда ғой.

20161110100644

Жіберіп алмаңыз:

Мұхаммедәлі Жүгінісов “Битва талантов” байқауында гран-при жүлдесін жеңіп алды (видео)

19 жастағы қыз анасының емі үшін интимді қатынас ұсынып өзін аукционға қойды (фото)

Павлодар облысында сәбиге қойылған Бату-Хан есімі үлкен дау тудырды

Арбаға таңылған жігіттің өмірін сүйіктісі түбегейлі өзгерткен

Талқылау