Маңғыстау облысында 8 жасар баланы ұрлап кеткен күдікті қолға түсті
Маңғыстау облысында белгісіз біреу сегіз жасар баланы ұрлап кетті. Қылмыскер бала үшін бір миллион теңге талап еткен. Бұл туралы брифинг барысында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев мәлімдеді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеп.
«Сенбі күні жергілікті тұрғын полицияға оның сегіз жасар ұлын ұрлап кеткенін және қылмыскердің бала үшін бір миллион теңге талап етіп отырғанын айтты», – деді Сәдубаев.
Маңғыстау облысының полицейлері баланы ұрлаған күдіктіні ұялы телефонның сигналы арқылы тауып, қолға түсірген екен.
«Бала аман-есен босатылды. Оның өмірі мен денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ», – деді ІІМ-нің ресми өкілі.
Тағы да оқыңыз:
Қостанайда газ құбырының шұңқырынан 21 жастағы жігіттің денесі табылды
Қостанайда көпқабатты үйдің ауласында ер адамды пышақтап өлтірген күдікті ұсталды
Аргентиналық футболшы Месси бесінші рет «Алтын бәтеңке» жүлдесінің иегері атанды
Ерке Есмахан: 30-дан асып, бұрын тұрмыста болып та ханзадаға тұрмысқа шығуға болады екен
Талқылау

"70 күннен аса жүрдік": Қытайдан Астанаға атпен жолға шыққан жас жұбайлар көпшіліктің ықыласына бөленді
Бүгінде күллі қазақ жұрты оларды желіде бақылап, біразы алдынан күтіп, қонақ етіп жатыр

"Қысқа мерзімді жеңілдіктер ұзақ мерзімді дағдарысқа ұласуы мүмкін": Сарапшылар Қазақстанда шұғыл енгізілетін шараларға қатысты пікір білдірді
Оның айтуынша, жаңа салық кодексінде әзірге айтарлықтай өзгеріс жоқ