Аргентиналық футболшы Месси бесінші рет «Алтын бәтеңке» жүлдесінің иегері атанды

Аргентина және испандық «Барселона» құрамасының шабуылдаушысы Лионель Месси «Алтын бәтеңке» жүлдесін жеңіп, еуропалық ұлттық чемпионаттың 2017-2018 маусымының үздік бомбардирі атанды.

Аргентиналық футболшы Месси бесінші рет «Алтын бәтеңке» жүлдесінің иегері атанды

Бұл туралы Life.ru-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Осы маусымда Месси 36 ойынға қатысып, 34 гол соқты. Бұл оған жеке ұпайлар бойынша 68 ұпай әкелді. Ал оның басты қарсыласы – «Ливерпуль» шабуылшысы Мохаммед Салах 32 гол соғып, 62 ұпаймен Англия чемпионатын аяқтады.

Бұл «Алтын бәтеңке» жүлдесі Месси үшін өз мансабында бесіншісі болды. Бұрын ол 2010, 2012, 2013 және 2017 жылдары осы сыйлықтың иегері атанған болатын.

Осылайша, 30 жастағы аргентиналық футболшы «Алтын бәтеңке» жүлдесін бес мәрте иеленген алғашқы жеңімпаз атанды.

Оқи отырыңыз:

39-жастағы британдық азамат шағым түсіру арқылы жылына мыңдаған доллар табады

Робот ауруханаға түскен науқас қыздың орнына мектеп бітіріп шықты (видео)

Лотерея билетіне екі туған күнін де белгілеген азамат 1,9 миллион АҚШ долларын ұтып алды

Депутат өзіне сөз қайтарған жасөспірімді ұрып жіберді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар