Ерке Есмахан: 30-дан асып, бұрын тұрмыста болып та ханзадаға тұрмысқа шығуға болады екен

Ерке Есмахан шын махаббаттың жасқа да, нәсілге де қарамайтынын айтты. Бұл орайда ол Гарри ханзадаға тұрмысқа шыққан Меган Марклдың өзімен тағдырлас екенін атап өтті. Тағдырлас болуының себебі – Меган Маркл да бұрын Ерке сияқты некеде болған, деп жазады Stan.kz.

Ерке Есмахан

“Бүгін Англияда корольдер отбасында дүбірлі той! Кенже ұлдары Гарри принц Меган Марклге үйленіп жатыр.

Маxаббат жасқа, нәсілге қарамайды. Меган 36-да, шешесі қара нәсілден, бұрын тұрмыста болған екен. Ал Гарри баламыз принц, жасы 33-те. Шын ғашық болған принц ештеңеге қарамай үйленіп жатыр деватр жұрттар! Намёк қалай кетті? (автордың орфографиясы мен пунктуациясы сақталған)

30-дан асып, бұрын тұрмыста болып та жаңа өмір бастауға, тіпті принцке тұрмысқа шығуға болады екен. Міне, Меганның алғашқы некесі сәтсіз болды, бірақ пешенесіне король отбасына келін болу жазылыпты. Тойында дүние жүзінің ең мықтылары, өнер, спорт, кино әлемінің қаймақтары жүр. Алла тағала нағыз бақытты ештеңеге қарамай бұйыра береді екен!

Так что, қыздар, мұңаймаңыздар! Өмір алда! Ертең-ақ қазақтың қайсар мінезді бір принцінің келіншегі болып отырасыздар! Рамазан айында бізде той жоқ. Мені тойсыз қалмасын деді ма екен, Елизавета-ІІ королева әпшем дайректке xат жазған: “Ерке, келіп, 1-2 ән айтып кетші” – деп, бірақ бара алмадым. Шаруам көп! Ол жақта еще тек жанды дауыста ән айту керек қой деп өзіңе сенімсіз боп қалсаң! Бақыт тіледім!” (автордың орфографиясы мен пунктуациясы сақталған) – деп жазды Ерке өзінің Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетейік, күні кеше Ұлыбритания патшайымы Елизавета ІІ-нің немересі Гарри ханзада мен актриса Меган Марклдың некелесу салтанаты өтті.

Тағы оқыңыз:

Баян Алагөзова тараздық оқушы Исаак Мустопулодан қолтаңба алды

Жасарып кетіпсіз: Шашын қысқа қылып қиып тастаған Баян Алагөзованы көпшілік танымай қалды

Тиматиді аузына қаратқан қазақ қызы өзін ашық-шашық киінеді деп сынайтындарға жауап берді

Роза Рымбаеваның мүгедек арбасына таңылған тыңдарманына деген ілтипаты елдің жүрегін елжіретті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
19.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар