Мамыр айында қазақстандық кинотеатрлардан көрсетілетін үздік фильмдер

Сейсенбі, 3 Мамыр , 2016 14:22

Фильмді үйде ғана емес, көпшілікпен қатар отырып көргенді ұнататын жандарға Stan.kz мамыр айында қазақстандық кинотеатрлардан көрсетілетін ең үздік туындылар тізімін ұсынады.

baistars.kz

Жер бетінде қанша адам болса, сонша түрлі мінез, соншалықты талғам бар. Бірі әдеби кітаптарды сүйіп, оларды жата жастана оқыса, енді бірі ұзақ-сонар романның режиссерлер жан бітірген нұсқасын таңдайды. Соңғысын таңдаған көрерменге ағымдағы айдың ең үздік 10 туындысын ұсынамыз.

“Моя чужая”

Жанр: мелодрама

Режиссер: Едгор Насыров, Бобыр Юлдашев

Рөлдерде: Жан Байжанбаев, Гүлнәр Досматова, Диляра Байжанысова, Беруний Нарзуллаев, Рано Шодиева

Мемлекет: Қазақстан

Фильмде Алматы қаласында болған оқиға баяндалады. Жас әрі табысты Әлішер күндердің бір күнінде әдемі де батыл мінезді Айлинді кезектіреді. Бастапқыда олар өздерін не күтіп тұрғанын білмейді. Жастар бір-біріне шексіз ғашық болады. Отбасындағы құпиялары екеуінің бірге болуына кедергі жасайды.

Отандық кинотеатрларда 19 мамырдан бастап көрсетіледі.

www

“Әлемде тек екеуі”

Жанр: мелодрама, драма

Режиссер: Джузеппе Торнаторе

Рөлдерде: Ольга Куриленко, Джереми Айронс, Шона МакДональд, Джеймс Смилли, Марк Томпсон-Эшворт, Анна Савва

Мемлекет: Италия

Эд пен Эми – “ішек” теориясын зерттейтін ғалымдар. Олар бір-бірі үшін жаралған. Махаббаттары шекара мен қашықтықты білмейді. Алайда белгісіз себептермен Эд жоғалып кетеді. Эмиді алда қандай қызықтар күтіп тұр? Әлемнен жасырынып қалуды жөн көрген ғалымды ше? Бұл сұрақтардың жауабын фильмді көру арқылы ғана табуға болады.

Отандық кинотеатрларда 5 мамырдан бастап көрсетіледі.

397665

“Бірінші кек алушы: Қарсыласу”

Жанр: фантастика

Режиссер: Энтони Руссо, Джо Руссо

Рөлдерде: Крис Эванс, Скарлетт Йоханссон, кіші Роберт Дауни, Элизабет Олсен, Лесли Бабб, Пол Радд, Мариса Томей

Мемлекет: АҚШ

Капитан Америка басқаратын кек алушылар халықаралық деңгейдегі оқиғаның куәгері болады. Осы оқиғадан кейін мемлекет басшылары супер қаһармандарды жұмысқа алып, өздерінің ерекше қасиеттері туралы айтуға мәжбүрлейді. Стив Роджерс мұның азамат құқығын шектеу екенін айтып, жаңа тәртіпке қарсы шығады. Мұнымен қатар, өзінің жақтастарын тауып алады. Ал Тони Старк керісінше бұл тәртіптің дұрыс екенін тілге тиек етіп, өзінің жақтастарын іздеуге кіріседі. Екіге бөлінген қаһармандар, көптеген түсініспеушілікке тап болады. Осылайша бір-бірімен соғысып жатқан Жер шарының қаһармандары өздеріне Барон Земо есімді бейтаныс құбыжықтың жоспар құрып жатқанын сезбей де қалады.

Отандық кинотеатрларда 5 мамырдан бастап көрсетіледі.

krym

“Ашуланшақ құстар”

Жанр: анимациялық

Режиссер: Клей Кейтс, Фергал Рейли

Рөлдерде: Джейсон Судейкис, Питер Динклэйдж, Билл Хейдер, Кигэн-Майкл Ки, Джош Гад, Майя Рудольф, Дэнни МакБра

Мемлекет: АҚШ, Финляндия

Фильм компьютерлік ойын кейіпкерлері құстар мен доңыздардың өзара қалай жауласқанын баяндайды. Мұнымен қатар, балалар сүйікті кейіпкерлерінің құпиясы ашылады.

Отандық кинотеатрларда 12 мамырдан бастап көрсетіледі.

maxresdefault (1)

“Патшаға арналған голограмма”

Жанр: драма

Режиссер: Том Тыквер

Рөлдерде: Том Хэнкс, Бен Уишоу, Сарита Чоудри, Том Скеррит, Сидсе Бабетт Кнудсен, Даффер Лабидин, Трэйси Фэирэ

Мемлекет: Ұлыбритания, Франция, Германия, АҚШ

Алан Клей – бір шаңырақтың асыраушысы, әке әрі бизнесмен. Бизнесі банкротқа ұшырап, отбасылық өмірінде қиындықтар басталады. Қызы оқуының ақшасын төлей алмай қиналады. Барлық қиындығын ретке келтіру мақсатында БАӘ-ге аттанып, аталған елде бірегей технологиялық жобасын дамытпақ болады. Алан патшамен кездеспек болып жүргенде, Араб әлемінің құпиясымен танысады, Ойда жоқ жерде Қызыл теңізге барып, өзі күтпеген оқиғалар жүзеге асады.

Отандық кинотеатрларда 12 мамырдан бастап көрсетіледі.

1461568101_3fbd880b8bc0c5d0a47246e15afccf4d

“Өлшеусіз махаббат”

Жанр: мелодрама

Режиссер: Лоран Тирар

Рөлдерде: Жан Дюжарден, Вирджиния Эфира, Седрик Кан, Сезар Домбой, Элеа Клэр, Мириам Текаиа, Паскаль Танто

Мемлекет: Франция

Диана өзінің ұялы телефонын іздеп жүріп Александр есімді ерекше жігітпен танысады. Ол өте ақылды әрі сөзге жүйрік. Әрдайым көңілді жүретін жігіттің бір ғана кемшілігі. Бұл – бойының қысқалығы. Осы кемшілігінің арқасында Александр ғана емес, Диана да күлкіге қалып, екеуі көптеген келеңсіз оқиғаға тап болады. Бірақ шынайы махаббаттары барлығын жеңуге көмектеседі.

Отандық кинотеатрларда 12 мамырдан бастап көрсетіледі.

yvision

“Белгісіз адамдар: Апокалипсис”

Жанр: фантастика

Режиссер: Брайан Сингер

Рөлдерде: Джеймс МакЭвой, Майкл Фассбендер, Дженнифер Лоуренс, Эван Питерс, Оливия Манн, Роуз Бирн, Оскар Айзе.

Мемлекет: АҚШ

Фильмде әдеттегідей мутанттар мен адамдар талас-тартыс жүргізеді. Белгісіз адамдар өздерінің қас дұшпандары Апокалипсиспен бетпе-бет кездесіп, өмірлеріндегі шешуші шайқастарды өткізуге мәжбүр болады. Бұл шайқас тек белгісіз адамдар үшін ғана емес, жалпы адамзат үшін соңғы болуы мүмкін.

Отандық кинотеатрларда 19 мамырдан бастап көрсетіледі.

shotimg61847_1

“Ұйқыдағы арудың қарғысы”

Жанр: фэнтези

Режиссер: Тео Пирри

Рөлдерде: Итан Пек, Индиа Айсли, Натали Холл, Брюс Дэвисон, Джеймс Лим, Скотт Алан Смит, Зак Уорд, Мим Дрю.

Мемлекет: АҚШ

Томас Кайзерге ата-бабаларынан мұра ретінде жер қалады. Алайда жігіт жерді ала отырып, басына қарғыс тілеп алғанын білмейді. Үйдің құпиясын ашып, түсінде көретін Брайер Роуз есімді сұлу бойжеткенді оятуға жергілікті риелтор мен дін қызметшісі көмектеседі.

Отандық кинотеатрларда 19 мамырдан бастап көрсетіледі.

vogue

“Алиса айнаның ар жағында”

Жанр: фэнтези

Режиссер: Джеймс Бобин

Рөлдерде: Миа Васиковская, Джонни Депп, Хелена Бонем Картер, Саша Барон Коэн, Рис Иванс, Эдвард Спелирс

Мемлекет: АҚШ

Фильм көрермендерді Льюи Кэррол жазған ертегінің кейіпкерлерімен қайта қауыштырады. Аталған туындыда Алиса өзінің досын құтқару үшін уақыт әлеміне саяхат жасайды. Отандық кинотеатрларда 26 мамырдан бастап көрсетіледі.

maxresdefault (2)

Варкрафт

Жанр: фантастика

Режиссер: Дункан

Рөлдерде: Бен Фостер, Тоби Кеббел, Трэвия Фиммел, Доминик Купер, Пола Пэттон, Клэнси Браун, Дэниел Кадмор

Мемлекет: АҚШ

Штормград қорғаны бірнеше ғасырдан бері адамдарды түрлі бәле-жаладан құтқарып келеді. Алайда бұл жолы жағдайдың қалай болатыны белгісіз. Өйткені мыңдаған жыл бұрын күшін жойған жауыздар халық басына қайта қауіп төндірмек.

Отандық кинотеатрларда 26 мамырдан бастап көрсетіледі.


Жіберіп алмаңыз:

Елбасы «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмінің премьерасын тамашалады

Қайрат Нұртас өмірі туралы фильм түсіріп, көптен жасырған құпиясын ашпақ

Головкин жайлы фильм көрермен назарына ұсынылды (видео)

Шетелдік фильмдерде Қазақстан қалай суреттеледі (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар