Мамандар 2017 жылы ең көп сатылған смартфонды анықтады
Ондыққа Samsung компаниясының бес, Apple компаниясының төрт және Oppo компаниясының бір смартфоны кірді.

Бұл туралы Phonearena басылымы хабарлайды.
IHS Markit аналитиктерінің мәліметінше, 2017 жылдың бірінші жартысында iPhone 7 смартфоны көбірек сатылған. Екінші орында iPhone 7 Plus смартфоны тұр. Үштікті Samsung Galaxy Grand Prime Plus бекітті. Оның құны – 130 доллар. Мұнымен қатар, бестікке iPhone 6s пен Samsung Galaxy S8 кірді.
2016 жылмен салыстырғанда iPhone 7 көрсеткіші iPhone 6s смартфонына қарағанда әлдеқайда төмен болған. Аналитик мамандар жыл сайын нарықта Apple рөлінің төмендеп келе жатқанын айтады.
Жіберіп алмаңыз:
Пластикалық ота жасатқан қытайлық қыздар елдеріне қайта алмай отыр
Қытайда аңызға айналған әлемдегі ең биік шыны көпір шытынай бастады (видео)
24 сағат бойы телефоннан көз алмаған бойжеткен соқыр болып қалды
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"