Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мақпал Жүнісоваға пародия жасаған 10 жасар ер бала желіні жарды (видео)

Қазақстанның халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова желідегі парақшасына өзіне пародия жасаған 10 жасар ер баланың видеосын жүктеді, деп хабарлайды Stan.kz.

жунусова пародия5

Мақпал Жүнісова ер бала болғанына қарамастан, әйел адамның образына еніп, өзінің қылықтарын айнытпай салған балаға тәнті болды.

«Видеодағы он жасар ұл бала екен, менің жанкүйерім, өз даусымен айтқанда тіптен жақсы болар еді», – деп жазды ол желідегі парақшасында.

Видеоны тамашалап үлгерген желі қолданушылары күлкіге қарық болды. Көпшілік жеткіншектің өнерлі екенін алға тартып, болашағынан мол үміт күттіретін жас дарын екенін айтты.

«Қыз бала екен десем, жанып тұрған ер бала екен. Нағыз әртіс болайын деп тұр», «Керемет өнерлі бала», «Айнытпай салып тұр», «Пародист», – дейді тамсанған желі қолданушылары.

Жіберіп алмаңыз:

Мүгедек балаларға «қисық және ақи» деп тіл тигізген Сати Казанова күйзеліске түскен (видео)

Ләйлә Сұлтанқызы: Пәк қыздарды бұл қоғам баяғыда «қызыл кітапқа» енгізіп жіберген

Айсәуле Бақытбек жігітпен өткізген ең мінсіз кездесу туралы айтып берді

Қарақат Әбілдина тыңдармандарына жұмбақ жасырып, сыйлық таратып жатыр

Талқылау