Мәдина Сәдуақасова «Бала дауысында» жерлесін жақтап кетті

Сейсенбі, 31 Қазан , 2017 12:20

Әр аймақтың үкілеген үміттерін бәйгеге қосқан «Бала дауысы»  байқауының биылғы үздіктері анықталды. Осы жылы алматылық жас өреннің тәлімгері ретінде бекітілген Мәдина Сәдуақасова, ақтық сында жерлесін жақтап кеткен көрінеді.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

«Бала дауысы» байқауында ақтық сынға жолдама алған 18 қатысушы, алғашқы айналымда тәлімгерімен дуэт орындаса, екінші кезеңде қарсыластарымен халық әндерін шырқады. Үшінші турда әлемдік хиттерге таңдау түскен. Нәтижесінде, қызылордалық қыз жүзден жүйрік шықты. Жас жұлдыздарды Әлия Назарбаева марапаттады.

“Мен әшейін, жай ғана тұрдым мен емес шығар деп. Сөйтсем, Шамбилова Назерке деген кезде қуанып кеттім қатты. Өзіме сенбей қалдым”, – дейді байқау жеңімпазы Назерке Шамбилова.

“Шынайы әрі әділетті болды. Сондықтан, бас жүлдені Қызылорданың тумасы Назерке ұтып алды. Енді менен бақытты адам жоқ. Өзімнің жерлесім. Ал, бірінші орынды менің шәкіртім”, – дейді Мәдина Сәдуақасова.

“Бәрі өз орынында. Мен де өзім бірінші орын алдым”, – дейді байқаудың 1-орын иегері Нұрлыбек Сапарбай.

Иә, Мәдинада қос қуаныш! Жерлесі бас жүлдені еншілесе, шәкірті бірінші орында! Ал, баптаған жас өрендері жүлдеге ілікпеген жұлдызды тәлімгерлер келер жылға үмітпен қарайды.

“Әттеген-ай деген ылғи да болып тұратын нәрсе. Әттеген-ай деген нәрсе бітпейді ешқашан. Бірақ, жалпы жаман емес”, – дейді әнші Маржан Арапбаева.

“Мүмкін сол тәжірибе жетіспей қалған шығар. Менің ойымша ол тек қана бастамасы Диана үшін. Келесі жылы дәл осы байқауға қатысып, жүлделі орынға ие болады деген үміттемін”, – дейді «Rin’Go» тобының әншісі Данияр Өтеген.

Жеңімпаз атанған Назерке Шамилова енді өзі қалаған өнер ошағында тегін білім алады. Сондай-ақ, ұйымдастырушылар тарапынан гран-при иегеріне деген тосын сыйлары мұнымен шектелмеді.

“Ең басты сыйлығымыз «Диснейлендке», Париж қаласына саяхатқа, ата-анасына және балаға жолдама беру”, – дейді байқау ұйымдастырушысы Толғанай Хасен.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық Софи Манасян Анджелина Джолимен кездесті

Әбдіжаппар Әлқожа жеке концертінің билеттерін тегін таратуда (видео)

Айнұр Ілиясова Ауғанстанда тұратын әкесін қалай іздеп тапқанын әңгімеледі

Атағы дардай әншілер “Бала дауысы” жобасының қатысушыларына лайықты көңіл бөлмеген (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.01.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар