Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әбдіжаппар Әлқожа жеке концертінің билеттерін тегін таратуда (видео)

Әнші Әбдіжаппар Әлқожа тыңдармандарына тосынсый әзірледі. Ол 5 қараша күні жеке мерекесін тойлайтын жастарға жеке концертінің билеттерін сыйға тартуда.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Алайда билеттер саны шектеулі. Нақтырақ айтатын болсақ, 70 бірдей жас Әбдіжаппардың концертіне тегін кіре алады.

“Билет саны шектеулі, 70 санын сіздерге бөлгенбіз. Бұл менің сіздерге барынша қуаныш сыйлауға тырысқан жаңалығым”, – деп бөлісті Әлқожа желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Әбдіжаппар Әлқожаның ән кеші 5 қараша күні Республика сарайында өтеді. Ән кешінде Әбдіжаппардың әпкесі Роза Әлқожадан бөлек, Саят Медеуов, Жазира Байырбекова, Нұржан Керменбаев, Нұрболат Абдуллин сынды танымал өнер жұлдыздары өнер көрсетеді.

Жіберіп алмаңыз:

Өнер жұлдыздары эксклюзивті сұхбатын саудалауға көшкен бе?

Түсіпбаева: Жалған ақпараттың кесірінен тұрмысқа шықпай қалатын болдым

Сынақтан сабақ алдым: Кенжебек Жанәбілов науқас балаларға арнап мектеп ашпақшы

Мәдина Сәдуақасованың күйеуі оның Төреғалимен дуэт айтуына қарсы болған

Талқылау