Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдина Сәдуақасованың күйеуі оның Төреғалимен дуэт айтуына қарсы болған

“Айхай-25” концертінде Төреғали Төреәлі әріптесі Мәдина Сәдуақасовамен дуэт айтып, көпшілікті тәнті етті. Махаббат тақырыбындағы тәтті ән бірден хитке айналды. Алайда Төрешпен ән жаздыру Сәдуақасоваға оңайға соқпаған. Себебі күйеуі Олжас Смағұлов Мәдинаның ер азаматпен дуэт айтуына қарсы болған.

Бұл туралы Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

“1,5 ай бұрын Төреш звондады таңғы сағат 6-да. “Мен бір ән жазып қойдым, дуэт болады”, – деді. “Кіммен?” дедім, “Сенімен”, – деді. А, жарайды көрейік дедім”, – деп еске алды Мәдина.

Дуэтке бірден келісе кеткен Мәдина әннің тақырыбын естіген соң ойланып қалған. Себебі:

“Мен қорқамын, Төреш. Айта алмаймын, білмеймін” – дедім, ол: “Мәдина, махаббат жасқа қарай ма?”, – деді. Мен “Жоқ”, – дедім. “Болды онда, сол сұрақты қоямыз, сосын осы әнді айтамыз”, – деді”, – деп түсіндірді Мәдина.

Сәдуақасованың айтуынша, әннің мәтіні екі рет өзгерген. Себебі алғашқы ән мәтінінде махаббат сезімі ашық айтылған. Оған Мәдина көнбепті. Оған қоса, “ер азаматтармен дуэт айтпай-ақ қойсаң” деген күйеуінің талабы бар.

“Шығармашылық тұрғыдан қысып жіберген сияқты. Ер азаматтар клипіңе түспей-ақ қойса, олармен дуэтті де білмеймін”, – деп айта берді. Жарайды, мен жаныма қыз баланы алдым. Бірақ өнерде, әнде шектеу болмай-ақ қойсыншы, деп мен де өтінішімді айттым”, – деп еске алды Мәдина.

Олжас Смағұлов жарының өтінішін жерде қалдырмай, оның шығармашылықпен еркін айналысуына рұқсат берген көрінеді.

Талқылау