Мәдина Балғабаева алғаш рет күйеуімен не себепті ажырасқанын ашып айтты

Тележүргізуші Мәдина Балғабаева алғаш рет күйеуімен не себепті ажырасып кеткенін ашып айтты. Мәдинаның бар сырын ақтаруына желідегі оқырманнан келген хат себеп болған.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Есімін атамауды жөн көрген оқырманның бірі аяғының ауырлап қалғанын, алайда сәбиінің әкесінің кім екенін білмейтінін айтып, Мәдина Балғабаевадан көмек сұраған.

“Сәлеметсіз бе! Сізден кеңес сұрасам бола ма? Жасым 35-те және мен жүктімін. Бірақ баланың әкесі жоқ. Бірақ анам қарсы болып отыр, “қара бет боламыз, ел не дейді” деп. Ол тек туыстарымыздың не айтатынын ойлауда. Ал мен не істерімді білмеймін”, – деп жазған хат иесі.

Балғабаева отбасылық өмірде бақытты бола алмағандықтан, басына іс түскен әйелге не деп көмек беретінін білмейтінін жеткізген. Бұл ретте тележүргізуші өз басынан өткен хикаяны баяндады.

“Бір сағат бұрын дайректке осы xат келді. Келеңсіз жағдайға түскен келіншек менен кеңес сұрап жатыр. Бұндайда ақыл айтудың өзі өте қиын екен. “Сізден ақыл,кеңес күтіп отырмын”-деп жазып жіберіпті. Менің бұл аруға біркелкі шешім қабылдауға бағдар беретін қандай әрі қаншалықты құқым бар. Білмеймін. Өзім ажырасқандардың қатарындамын. Кезінде өзге елдің азаматына үлкен маxаббатпен тұрмысқа шығып, ақыры туған жердің алшақтығы ажырасуға әкеліп соқтырды. Бірақ арамызда ауыр сөз, не болмаса сызат түсіретін жағдай болмапты… Сондықтан, осы xаттың иесіне не айтарымды білмей, өзіме үлкен бір жұмбақ болып отыр. Мүмкін, көптің ақылы көмек болар”, – деп оқырмандарынан кеңес сұрады Балғабаева.

Жіберіп алмаңыз:

Мақпал Исабекова: Қыс жақындап қалды, тұрмысқа шыға салсам ба екен?

Төреғалидің үйлену тойы отандық арнадан тікелей эфир арқылы көрсетілмек

Жұлдыздар жауап берсін: 25 жаста мен не істедім?

Алғаш рет қызын көрсеткен Қарақат Әбілдина дүйім жұртты сүйсіндірді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
26.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар