Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәди Рымбаев: Анам да, ағам да өнер жолына келуіме қарсы болды

Жуырда ғана шоу-бизнес әлеміне қадам басқан Мәди Рымбаев екінші әнін дайындау үстінде. 16 жастағы бозбала өнер жолына келуіне анасының да, ағасының да қарсы болғанын айтты.

1426013724df77g

«Иә, «мамасының мойнында» немесе «ағасы көмектеседі» деп айтатындар көп. Оған көп мән бермеймін» , – деді ол «Ревю» бағдарламасына берген сұхбатында.

Жағымсыз пікірлерге мән бермейтін Рымбаев алғашқыда өз отбасы да оған сенімсіздік танытқанын мәлімдеді.

«Сен дайын емессің, әлі кішкентайсың, ерте саған» деген әңгімелер көп болған. Анам да айтқан, ағам да аздап қарсы болған», – деді ол.

Ал шоу-бизнесте өзіндік орнын тапқан Мәдидің ағасы Әли Оқапов бұл іске еш қатысы жоқ екенін айтты.

Cogc_BEmRzk

«Біздің еш қатысымыз жоқ. Анамыз екеуміз оны сүйрелеп немесе тағы басқа дұрыс емес нәрселерді жасамаймыз. Ол толығымен өзінің қалауы, өзінің шешімі, жеке әнші, әртіс ретінде шыққысы келеді», – деді Әли Оқапов.

ҚР халық әртісі, қазақтың Примадоннасы Роза Рымбаева да алғашқы ойын өзгерткен.

«Қазір енді өсті, даусы да өзгерді. Үлкен мұғаліммен дайындалып жатыр. Мүмкін келешекте консерваторияға ән жағынан баруы мүмкін», – деп ой бөлісті Рымбаева.

Ал Әли Оқапов інісінің өнер жолына ертеден келгеніне оң көзқараспен қарайтынын білдірді. Сондай-ақ, қажет болған жағдайда көмек қолын созатынын жасырмады.

«16 жасында келгені жаман емес. Өзі әнін жазады, өзі өңдеуін жасайды. Біздің көптеген үлкен жұлдыздардың өздері әндерін жаза алмайды», – деді ол.

Жіберіп алмаңыз: 

“Ninety one” әншісі: Қазақтың қаны таза болғандықтан, елімізде сұлу қыздар өте көп

Қайрат Нұртас: Барахолкада ручка сатқан ашқұрсақ кезімді ешқашан ұмытпаймын

БАҚ-қа шолу. Әлішер Кәрімов: Мен арақ ішемін және былапыт сөздер айтамын

Алтынай Төреғалидің әнін орындап жұртты сүйсіндірді (видео)

Талқылау