Мәдениет министрлігі Қазақстандағы ең үздік 50 туристік орынды атады

ҚР Мәдениет және спорт министрі еліміздегі үздік деп танылған туристік орындарды атады, деп хабарлайды Қазақпарат.

Министрліктің мәліметінше, елбасының тапсырмасы бойынша туризмді дамытуға арналған бағдарламалар қолға алынған. Олар ТОП-10 және ТОП-50 бағдаламасы. Бағдарлама мақсаты аймақтағы инфрақұрылымды қамтамасыз ету.

Үздік ондық ішінде Балқаш пен Алакөл жағалаулары, Шарын шатқалы, Алматы өңірінің тау кластері, көне Түркістанды қалпына келтіру, Ащысор туристік аймағы, Бурабай, Имантау-Шалқар және Баянауыл курорттық аймақтары, «Көшпелілер тарихы» орталығы бар.

Ал, үздік 50 туристік орындар қатарына мыналар жатады:

Астанадағы Елорданың сәулеттік-мәдени нысандары (Бәйтерек, Бейбітшілік және келісім сарайы мен басқа да нысандар), «Нұр әлем» музейі, “АЛЖИР” музей-мемориалдық кешені, Медициналық кластер, Білім беру кластері, Ғарыш музейі, Аквапарк, Халықаралық туризм университеті.

Бурабай курорттық аймағы, Зеренді курорттық аймағы, Балалар-жасөспірімдер туризмі кластері.

Алматыдағы  «Медеу» спорт кешені, «Шымбұлақ» курорты, Үлкен Алматы көлі, Көктөбе саябағы, Алматының мәдени нысандары, «Көкжайлау» курорты. Қапшағай су қоймасы, Көлсай көлдері, «Алтынемел» ұлттық паркі, Іле-Алатау ұлттық саябағы, «Қорғас» халықаралық орталығы, «Happyland» паркі, Үлкен Алматы каналы.

Ақтөбе облысындағы Қарғалы су қоймасының курорттық аймағы. Атырау облысында: Орта ғасырдағы Сарайшық кешені.

Шығыс Қазақстан облысындағы Катонқарағай ұлттық паркі, Алтайдың тау шаңғысы кластері, Рахман қайнары.

Жамбыл облысындағы «Ақыртас» сарай кешені, «Қарахан» кесенесі.

Батыс Қазақстан облысындағы Бөкей ордасы тарихи-музей кешені, Балалар-жасөспірімдер туризмі кластері.

Қарағанды облысындағы Қарқаралы курорттық аймағы, «Ұлытау» тарихи-мәдени кешені.

Қостанай облысындағы Алтынсарин ауданының курорттық аймағы, Аңшылық туризмі кластері.

Қызылорда облысындағы Қамыстыбас көлі курорттық аймағы, Жаңақорған курорттары, «Байқоңыр» ғарыш айлағы.

Маңғыстау облысындағы Ақтау жағажай аймағы, «Кендірлі» курорттық аймағы, Тарихи-мәдени туризм бағытындағы нысандар.

Түркістан облысындағы Сайрам-Өгем табиғи паркі, Сарыағаш курорттық аймағы, Тарихи-мәдени туризм бағытындағы нысандар, «Қасқасу» тау-шаңғы курорты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар