Әріптестері халықтан Есентаеваның палатадағы суретін еш жерде жарияламауды сұрады

Дүйсенбі, 13 Маусым , 2016 12:29

Луина  халықты Баян Есентаеваның палатада жатқан жерінен түсірілген суретін еш жерде жарияламауға шақырды. Мұнымен қатар, продюсердің достары мен әріптестері оған қолдау көрсетуге әзір екендіктерін айтып, амандығын тіледі.

image

Фото: instagram.com/yelikbayev/

Бұл туралы “Stan.kz” хабарлайды.

Талғар ауруханасының медбикесі Баян Есентаеваны палатада жатқан жерінен суретке түсіріп, оны әлеуметтік желілерге салып жіберген. Мұны көрген қазақстандық жұлдыздар жантүршігерлік көріністен қорыққандарын айтты. Артынша әріптестері мен қарапайым халықтан еш жерде жарияламауды өтініп сұрады. Бағым Мұхидинова бұл медибикенің қатаң түрде жазасын алатынын айтты.

“Бір оңбаған Баян Есентаеваны палатада жатқан жерінен суретке түсіріп, оны әлеуметтік желіге салып жіберген екен. Адамдар жалынып сұраймын шайтан болмайықшы! Лайк пен сенсация қуғанды доғарайықшы! Ол көптеген таланттарды үлкен сахнаға әзірледі, халықаралық сайыстарда көк туымыздың желбіреуіне себепші болды және керемет фильмдер түсірді…

Біздің жүрегімізге жақын, дос, сырлас болған адам. Болған оқиғаға бола “асыр салып билеудің” қажеті жоқ! Жақындары онсыз да қиналып жатыр. Мен өзімнің әріптестерім мен қарапайым халықты бұл суреттерді жарияламауға шақырамын. Ол да көп уақыт телевидение саласында жұмыс істеді емес пе?! Адамгершілік танытып, оның тез сауығып кетуін тілейікші! Рахмет. Сол бір қорқынышты суреттерді желіге салған адамдарды бірден бұғаттап тастаңыздар”, – деп Луина өзінің жазбасына репост жасауды сұрады.

Мұнымен қатар, танымал тележүргізуші әрі продюсер Әділ Лиян да көпшілікке дәл осындай өтініш білдірді.

Бұдан өзге танымал жұлдыздар мен халық белсенділері қолдау тілектерін айтты.0

Ерке Есмахан: Бірнеше күннен бері интернет Баян деп дүр сілкініп тұр. Баян маған “бөтен” емес. Ол менің өнердегі “анам”! Оның жаны мен тәніне тиген зақым менің жүрегіме де тиді… Тәңірден деніне саулық сұрағаннан бөлек қолымнан ештеңе келмейді екен…

Интернетте жүзім көрінбес деп, ойына келгенді жазып отырған жандарға бәрін көріп тұрған “жазаны беруші бар” дегім келеді. Ол – Алла! Ешкімді жамандыққа қия алмаймын! Бірақ, өмірде бумеранг қағидасы бар… Адам болып келдім өмірге, адам болып кету тілегім, бәріңе соны тіледім! Баян Мақсатқызы, тезірек аяққа тұрып, ортамызға оралып, бұрынғыша әзілдесіп, шәй ішетін шуақты күндер қайта келсін. Мен сізбен біргемін!

00

Әлішер Елікбаев: Мен Баянды 20 жылдан бері танимын. Сен мықты болдың және мықты болып қала бересің. Сені қазақстанның қаншама жігіті түсінде көреді. Мұнымен қатар, сен сұлу әрі нәзіксің. Мұны барлығы сенің фильмдеріңнен, сұхбаттарыңнан және әлеуметтік желідегі жазбаларыңнан көреді. Сенің керемет мейірімді, сезімтал және ақкөңіл адам екеніңді көп адам біле бермейді. Барлығы қалайша бір адамның бойында көрініс табуы мүмкін деп осы күнге дейін таң қаламын.

Жұбайым екеуіміз қызымыздың тұсауын сен ғана  кескеніңді қаладық. Біздің таңдауымыз тек саған түсті. Біз Дәрияның саған ұқсағанын қалаймыз. Бұл басыңа түскен бірінші сын емес. Бірақ оны да өткере алатыныңа мен сенімдімін. Міндетті түрде жеңімпаз болып шығасың. Өйткені сенде басқаша болуы мүмкін емес. Сен осыған лайық болдың дегендерді кешір. Жаратқан оларға сен көрген қорлықты көрсетпесін. Бірақ барлығы әділ болсын, олар сенің сұлулығың мен күшіңнен, мейірімің мен табыстылығыңнан ада қалсын.

1

Жанар Айжанова: Баян жаным, сенің амандығыңды тілеп, уайымдап жатырмын! Бүгін өз-өзіне келді деген соң қуанып қалдым. Аман-есен аттай шауып, айығып, ортамызға оралуыңа, қос қарлығашың Айсәуле мен Айаруыңа қосылып, туыстарыңды қуантуыңа тілектеспін! Жасыма, жаным, мен сені шын жақсы көремін.

Бағым екеуіңнің қазақ өнерінде атқаратын әлі көп дүниелерің бар. Ала соның куәсі болып, бірге көруді нәсіп етсін! Халық сені жақсы көреді және сенің денсаулығыңа алаңдаулы. Сен мықты қызсың, қиындықтың бәрін жеңесің. Мен оған сенемін!

11881716_1313428685384319_2132838448_n

Мәдина Сәдуақасова: Екі күннен бері еліміз Баян Есентаева үшін алаңдап отыр. Бұл біздің ұжымымыздағы біздің адамның басында болған жағдай! 1993-1994 жж көгілдір экранға “Махаббат станциясы” атты фильм шықты. Сол сәттен бастап Гүлнәз тек менің емес, барша Қазақстанның кумиріне айналды! Кейін біз шынайы өмірде таныстық…

Тұрмысқа шығып, екі қыздың анасы атанған әншіні, музыкалық жобалардың продюсерін түсірілім алаңы мен студиялардан миллион рет көрдік… Сырт келбетіне ерекше мән беріп, кейде қатаңдық танытатын. Абыройды ең бірінші орынға қоятын. Ол еш уақытта ішімдік ішкен емес. Ол тектілік қанына сіңген тамаша әйел.

Мен сенің отбасыңа, ісіңе, идеяларыңа деген адалдығыңа қайран қаламын. Дәл қазір жаның жараланып, тәнің жарақаттанса да, Баяша мен сенің алдыңда басымды иемін. Сен мықтысың, сен мәре сызығына жақындап қалдың! Біз сені күтеміз, жап-жасыл көздеріңді сағынамыз, тезірек жазыл.

14248601984329

Әсел Сәдуақасова: Адамның жаны ашиды немесе керісінше. Сол себепті ешнәрсе жазғым келмейді. Өздеріңіз бен жақындарыңызды қорғаңыздар.

asxat

Ринат Тәттібай: Адамдар ұялсаңдаршы! Түсірген адам нәйіс екен! Құдай сақтасын! Баян сіз мықтысыз, халық сізбен бірге!

image

Жәмиля Серкебаева: Баяша, жалынамын жазылып кетші! Бізді өзіңнің сұлу жүзіңмен қуанта бер!

image-9

Динара Сатжан: Адамдар тым қаталсыңдар! Өзінің қара басының қамын ойлап, өзгені қаралайтын оңбаған адамдар бар. Оны палатада жатқан жерінен суретке түсірген адам “туындысын” әлеуметтік желілерге салып қана қоймай, өзін “папарация” өкілі ретінде сезініп тұрған шығар. Мен мұндай адамдарға жаным ашиды. Алайда достар, сендерге бір өтінішім бар!

Біз барлығымыз Баянды жақсы көреміз! Дәл қазір оның аман-саулығын тілеп дұға оқып жатырмыз. Балалары мен туысқандарының әлеуметтік желідегі парақшасына оқиғаның қалай болғанын сұрап пікір жазуды тоқтатайықшы. Адамның жеке өміріне құрметпен қарайық!

0235

Жанна Ильичева: Әйелдері мен балаларына қол көтеріп, қарт адамдарды қорлайтын еркектерді қалай атау керектігін білмеймін. Олар өздерінің әлсіздігін осылай жасырғысы келетін шығар.  Баян мен балаларына жаным ашиды. Бұл отбасы үшін үлкен трагедия.

5

Жақсы да болса – Баяным,

Жаман да болсын – Баяным.

Сен жалғыз әйел емессің,

Байынан жеген таяғын.

Бес күндік жалған өтетін,

Тар жолда тастап кететін.

Махаббатсызға бердің бе?

Махаббатыңның бекетін?!

Жеке жол мынау, жеке күн,

Арманың қайда жететін?

Оралың енді оралмас,

Бақытты Баян ететін!

Жақсы да болса – Баяным,

Жаман да болсын – Баяным.

Әйелге қолын жұмсаған,

Әлсіз еркекті аядым…

Жақсы да шығар – Баяным,

Жаман да шығар – Баяным.

Дертіңнің тілеп шипасын,

Тәңірге қолды жаямын!

Авторы: Саят Әбенов


Жіберіп алмаңыздар:

Бағым Мұхиденова: Жалынып сұраймын барлығын доғарыңыздаршы

Күйеуі пышақтаған Баян Есентаева есін жиды

Белгісіз әйел өзін Баян Есентаевамын деп таныстырып, соққыға қатысты ақпаратты жоққа шығарды

Асылхан Төлепов Баян Есентаеваға күйеу бала болмақ

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

4
Комментариев
  • Анонимно says:

    Батыстын батыр кызы Баян тезирек жазылылып кетши,сени бир Аллла колдасын баримиз сенин тез жазылып кеткенинди тилеймиз

  • Анонимно says:

    Алла шипа берсін

  • Анонимно says:

    Алла шипасын берсын. Аман-есен жазылуын тилеймын

  • Жұмбақ жан says:

    Баян сен мыкты айелсин осы басына тускен кыиндыкты женип шыгасын,жане тез жазылып ортамызга келуинди сураймын.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар