Луина 29 жасқа толған туған күнін достарымен бірге атап өтті (фото, видео)

Бейсенбі, 26 Мамыр , 2016 15:52

Қазақстанға танымал Луина мамырдың 25-і күні Ritz-Carlton қонақүйінде өзінің туған күнін атап өтті. Биыл 29 жасқа толған әншіні туған күнімен барша достары құттықтап келді.

image

Фото: yvision.kz

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Айқын, Лидо, Ерке Есмахан, Санда, Диас Аблаев, Гүлнәр Силбаева, Марсель, Аша Матай, Айдай Исаева, Айнұр Ілиясова сынды қазақстандық жұлдыздар Луинаның қуанышын бөлісіп, оған деген ақ тілектерін жаудырды.

Ал әнші өз кезегінде сахна төрінен түспей қонақтарға үздік хиттерін паш етті. Торт бетіндегі шырақты үрлеп, түрлі сыйлық алды. Мұнымен қатар, Луина келген қонақтарға арнайы дресс код ережесін ұсынған.

13269323_263621457360162_1600323429_n

“Менің Лулушкинім, біздің кішкентай қана талантты қызымыз, туған күнің құтты болсын! Барлық арманың орындалсын! Мейірімді дос, ашық жарқын әрі қалыптасып үлгерген тұлғасың! Өмір тынысың кең болсын! Биіктен биікке самғап, махаббаттан шабыт ал. Сені жақсы көремін”, – дейді Мақпал Исабекова.

13248843_1132357446815541_1624071532_n

“Тосап мерекесімен құттықтаймын! Шығармашылықта табыс тілеймін! Ана бақытын сезінуіңе шын жүректен тілектеспін!” – деп Айқын оған отбасын құруға кеңес берді.

13249710_1139470509436716_1286886704_n

“Қымбатты Луина, туған күнің құтты болсын! Талантың, өнерің, сұлулығың бұл өмірде сені жетістіктер мен бақытқа жеткізсін! Вешір басталды”, – дейді Ерке Есмахан.

13277734_276420392705596_1173555234_n

“Бүгін мен сүйетін бойжеткеннің туған күні. Жарқыным, жылы лебізің үшін көп рахмет! Әрдайым дәл осындай шынайы, адал болып қалуыңа тілектеспін. Барлық бастамада сәттілік  тілеп, табысқа кенелуіңе шын жүректен тілектеспін. Сен сондай талантты әрі өзіңе сенімдісің. Мен сені қатты жақсы көремін және достығымызды мақтан тұтамын! Сенің барлық арманың орындылсын!” – деп Лидо оның құшақ жая қарсы алғанына ризашылығын білдірді.

13258861_1597700187225298_1277667730_n

“Сұлу да сымбатты Луи, туған күніңмен құттықтаймын! Тыңдармандарыңды үздік хиттеріңмен қуантып, әрдайым жарқырап жүре бер. Сені жақсы көремін”, – деп Аша Матай туған күн өтетін қонақүйге қарай асықты.

09-1

“Менің жаным! Сен менің әпкемдейсің әрі адал досымсың! Мен сені шын жүрегіммен жақсы көремін! Туған күнің құтты болсын!” – дейді Кентал.

13248878_525172601023531_158860672_n

13267396_791287187637873_1353150941_n

Кеш барысында туған күн иесі әріптестерімен қосылып танымал хит әндерді орындаған.

@luinaofficial Туған күн! 💃💐😘

Видео опубликовано ⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀ Erke Esmahan (@erke_esmahan)

Әншінің сүйіктісі де қасында болып, оның қуанышын өзгелермен бөлісті. Луина да өз кезегінде келген қонақтарға алғыс айтып, туған күн кешінің енді ғана басталып жатқанын жеткізді.


Оқи отырыңыз:

Кентал мен Луина “Перизат” әнінің кавер нұсқасын орындады

Сүйіктісімен бес жыл бірге тұрған Луина тойдың әлі жақын арада болмайтынын айтты

Салық төлеуден жалтарып жүрген әншілердің есімдері анықталды

Жұлдыздар салық төлемеді деген айыпқа пікірін білдірді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар