Жұлдыздар салық төлемеді деген айыпқа пікірін білдірді

Жұма, 20 Мамыр , 2016 8:43

Мемлекеттік кірістер Департаменті күні кеше салық төлемей жүрген азаматтардың тізімін жариялады. Тізімдегі жұлдыздардың ішінде Жанар Дұғалова, Бүркіт, Луина, Әли Оқапов, Мақпал Исабекова сынды танымал жұлдыздар бар. Салықшылар қазақ эстрада жұлдыздарының өмірін жіті бақылап, өздеріне пайдалы көптеген ақпарат тапқан. Десе де, өнер адамдары өздеріне таққан айыптың орынсыз екенін айтып жатыр, – деп хабарлайды “КТК” арнасы.

новый коллаж

Салықшылар өздеріне керек ақпаратты әртүрлі жолмен іздесе керек. Олар ең бірінші кезекте “Forbes” журналының жұлдыздардың жылдық табысына қатысты жасаған рейтінгісіне жүгінеді екен. Сол жерден өнер адамдарының мол табыс тапса да, салық төлемейтінін білген.

“Ақшаның ізі қалады” деген сөз бар. Біз осы ізге түсіп, қандай табысқа кенеліп отырғандарын анықтайтын боламыз. Үлкен сомаға сатып алынған дүниелер де бар. Бұл қымбат көліктер. Оларда белгілі бір кәсіп түрі болмағандықтан, мұндай ақшаны қайдан тапты деген ой туады”, – дейді Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің жетекшісі Еділ Әзімшайық.

2015 жылғы ақпаратқа сүйенсек, әнші Бүркіт жылына орташа есеппен 1 млн. доллар (180 млн. теңге) көлемінде табыс табады екен. Алайда ол жеке кәсіпкер ретінде еш жерде тіркелмеген. Мұнымен қатар,  шоу бизнеске қатысты салықтары төленбеген.

Асхат Тарғынов жылына орташа есеппен – 172,8 млн. теңге, Әлішер Кәрімов – 135 млн. теңге, Ділназ Ахмедиева – 108 млн. теңге, Бахтияр Мәмедов – 90 млн. теңге, Әли Оқапов – 54 млн. теңге, Серік Ибрагимов –  54 млн. теңге, Жанар Дұғалова – 45 млн. теңге табыс табады екен. Бұл әншілер табыс көзінің бар екеніне қарамастан, өздеріне тиесілі салықты төлемей келеді деп айыпталған.

“Мен мұнша табыс тапқан болсам, бірнеше пәтер сатып алатын едім. Сіздерге бізді ән айтып ақша таппайды деп кім айтты?! Біз ән айтып табыс тауып жүрміз. Бірақ ол табыс салықшылардың журналында жазылғандай көп емес”, – дейді Бүркіт.

“Ділназ мемлекеттің алдында есеп беріп отырады, яғни өзіне тиесілі салықтарды төлейді”, – деп әншінің көмекшісі қысқа қайырған.

“Мысалы, Баян Есентаеваның продюсерлік орталығы бар. Дәл қазір салықтарды толық төлеуіне қатысты жіті бақылау жүргізіліп отыр. Орталыққа заңмен камера қойылған. Қайрат Нұртас анасына тиесілі фирмада тіркелген. Ол жерде де камералық бақылау жүргізетін боламыз. Мұнда жұмыстар толығымен аяқталмағандықтан, біз жарияламадық”, – дейді Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің жетекшісі Еділ Әзімшайық.

Мұнымен қатар, Мемлекеттік кірістер қызметкерлері тізімге енбеген өнер қайраткерлеріне де кезек келетінін айтты. Жақын уақытта шенеуніктер той мен шоу бизнеске қатысы бар адамдарды жіті бақылауға алмақ. Сәнгер, бет әрлеуші, суретші, диджей мамандардың да табысы қаралмақ.


Оқи отырыңыз:

Салық төлеуден жалтарып жүрген әншілердің есімдері анықталды

Басы дауға қалған қазақ эстрадасының танымал жұлдыздары

Қазақ эстрадасында кімнің кімге еліктейтінін әншілердің өздері айтты (видео)

Қазақ эстрада жұлдыздары жұптарын қалай қызғанатынын айтты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар