Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кентал мен Луина “Перизат” әнінің кавер нұсқасын орындады

Әнші Луина мен Кентал тыңдармандарын тағы бір мәрте қуантты. Осы күнге дейін әртүрлі әншілермен дуэт орындап үлгерген қос жұлдыз “Перизат” есімді туындыларын ұсынды.

09

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Арнайы тұсаукесері болмаса да, оқырмандар әнді инстаграмдағы парақшаларынан тыңдап, өзіндік бағаларын беріп жатыр. Дәл қазір әннің толық нұсқасын youtube желісінен тыңдауға болады.

Плагиат мәселесіне қатысты соңғы дау-дамайларды ескерді ме, әншілер әннің кавер нұсқа екенін бірден жазды.

Тыңдармандар әнді орындауларына оң баға берсе де, бейнебаянның өте қарапайым түсірілгенін тілге тиек етіп жатыр. Тіпті арасында “Жылы жерде отырып айтуға болмай ма?” деп келемеждегендер де болды.

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін тыңдарманының Кенталға ерекше сый жасап, оны өзгелерден қатты қызғанып жатқандығы туралы жазған болатынбыз.

Талқылау