Лондонда есектің сөзін түсінетін аудармашы жұмыс істейді

Лондонда есектің тілін түсінетін аудармашы жұмыс істейді. Ол еңбегі адал, еті арам жануармен жақынырақ танысуға көмектеседі,- деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.

есек

Мағынасыз ақырып, миды ашытатын мына ащы айқайды енді адамша түсінуге болады. Бұл мамандар ойлап тапқан арнайы аудармашы-құралдың арқасында мүмкін болып отыр. Құрылғы жануардың мойнына бекітіледі. Ол есектің мінез-құлқынан хабар беретін белгілерді танып, әп-сәтте ағылшын тіліне аудара қояды. Есектер паркін ашқан Марк Инесонның төртаяқты жануарды зерттеп келе жатқанына 20 жылдан асқан. «Менің 17 есегім бар. Әрқайсысымен күн сайын жұмыс істеп жатырмыз. Сондықтан бұл жануардың әр қимыл-әрекетін, эмоцияларын, жалпы олардың не туралы ойлайтынын оңай аңғаратын деңгейге жеттік», -дейді ол.

Кұрылғыны ойлап тапқан компания қызметкері Хлоя Кочман: «Бұл құралдың дауыс құрылғысы бар. Ол дыбыстарды түйсініп, адам тіліне аударады», дейді.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
23.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар