Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лондон терактісі: Полиция террористердің жалған белдіктерінің суретін жариялады

Лондон полициясы 3 маусым күні болған теракті кезінде террористер киген өтірік белдіктердің суретін жариялады.

321

Бұл туралы BBC орыс қызметі хабарлайды.

Белдіктерге су құйылатын пластикалық бөтелкелер бекітіліп, оларды қоңыр қаптамамен ораған. Зерттеуді басқару тобының жетекшісі Дин Хейдонның айтуынша ол бұрын-соңды шахидтердің жалған белдігін көрмеген екен. Оның сөзінше, террористер айналасындағы адамдарды барынша қорқыту үшін осындай белдіктер тағынған.

Сонымен қатар, олар белдікті көргеннен кейін полицейлер өздеріне оқ атпайды деп те үміттенген болуы мүмкін. Яғни, олар бөтелкелерді сырт көзге жарылғыш зат секілді көрсеткен. Мұны көрген кез-келген адам шынында жарылатын зат деп ойлаушы еді дейді Хейдон.

8858

3 маусым күні кешке Хурам Шазад Батт, Рашид Редуан және Юссеф Загба есімді терроршылар Лондон көпірінің тротуарында көлікпен бірнеше адамға соқты. Осыдан соң олар көліктен шығып, жүргіншілерге пышақ ала жүгірген. Теракті нәтижесінде сегіз адам қаза тауып, 40-қа жуық адам жараланды. Шабуылдаушыларды полицейлер бірнеше минуттан соң атып өлтірді.

Қазіргі таңда аталған қанды оқиғаға қатысты 20 адам ұсталды. Полиция 19 мемлекеттен 262 адамнан сұрау алған. Кейін ДАИШ Лондондағы терактіні өз мойнына алды.

Оқи отырыңыз:

Алла Пугачева немересінің тойына құны миллион доллар тұратын зәулім үй сыйлады

Өзбекстанда президентті мақтауға тыйым салынды

Полицейлер мотоциклшіге көшеге шашып алған 60 миллион теңгесінің жартысын жинап берді

Зағип жігіт ақылды көзілдіріктің арқасында өз әйелін көрді (видео)

Талқылау