Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зағип жігіт ақылды көзілдіріктің арқасында өз әйелін көрді (видео)

Эндрю Айри 15 жасында үйленген. Алайда үйленерге дейін бірнеше жыл бойы оның көзі нашарлап, ақырынды толықтай соқырлыққа әкеліп соғады. Эндрюдің айтуынша, оның ауруы өзіне ғана емес, әйелі мен үш қызына да қиындық тудырған.

Безымянный

Бірақ, жыл сайын технология қарыштап дамып, адамдардың шектеулі мүмкіндіктерін жоюға көмектесіп жатыр. Мұндай мүмкіндік Эндюға да бұйырған. Ол eSight 3 смарт-көзілдірігінің арқасында дүниені өз көзімен көріп, өз әйелімен екінші рет үйленуге мүкіндік туындаған.

Салтанатты рәсім үшін олар өздері некелескен шіркеуді қайта таңдап, сол күнгі тортты әкелдіріп, сол кездегі қонақтарды шақырыпты. Өткен күндердің үзінділерін көрген Эндрю көз жасын тыя алмаған.

VR-гарнитурасы бар көзілдірік HD камерасы, екі тетікпен, екі экран және призма, процессор және шағын аккумулятормен жабдықталған. Той үстінде бұл көзілдірікті киген ол камера және тетіктің көмегімен көзінің алдындағы кішкентай экранда пайда болған көріністерді көрген.

Оқи отырыңыз:

Ғалымдар өрмекшінікіндей екі аяғы бар балықты көріп таңғалды (видео)

Джеки Чан Астанада қыз баланың тұсауын кесті (видео)

Екі полиглот бір-бірімен 15 тілде сөйлесіп таңғалдырды (видео)

АҚШ-та әйел бейтаныс балақайды құтқару үшін көліктің астына түсті (видео)

Талқылау