Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алла Пугачева немересінің тойына құны миллион доллар тұратын зәулім үй сыйлады

Ресей эстрадасының жұлдызы Алла Пугачева жақында үйленетін немересі Никита Пресняковқа Мәскеудің қақ ортасынан үй алып бермек.

pugacheva20122016-zahod

Бұл туралы Marketium.ru хабарлайды.

Жақында өзінің сүйіктісі Алена Красноваға ұсыныс жасағаннан кейін, жастар той күнін 27 шілдеге белгілеген болатын. Ал салтанатты рәсім ашық аспан астында, ерекше стилде өткізілмек. Мерекелік шараның ұйымдастырушысы Никитаның анасы Кристина Орбакайте.

Ал жас отбасының аяқтан тұрып кетуі үшін ата-анасы оларға Мәскеудің қақ ортасынан құны 60 миллион рубль тұратын үй сатып алып беруді жөн санапты.

Қымбат сыйлық жасаудан Пугачева да құр қалмады. Әжесі немересіне жалпы аумағы 50 сотық жер болатын үш қабатты зәулім үйді сыйлапты.

Оқи отырыңыз:

Зағип жігіт ақылды көзілдіріктің арқасында өз әйелін көрді (видео)

Сирияда соғысып жүрген қырғыз жігіті анасынан кешірім сұрады (видео)

Жарыс жолында қатты жылдамдықпен келе жатқан автокөлік жарылып кетті (видео)

Шейх жариялаған тегін шопингтің соңы талас-тартысқа ұласты (видео)

Талқылау