Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қайран сөзім қор болды": Азамат Сатыбалды Айжан Байзақоваға неге ақыл айтқысы келмейтінін түсіндірді

Азамат Сатыбалды өзінің «Бір сен үшін» фильмінің басты рөліне атышулы Айжан Байзақованы таңдағаны үшін өкінбейтінін айтты. Десе де, ол бойжеткеннің өмірдегі әрекеттеріне көңілі толмайтынын жасырмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар арнасының "Ережесіз әңгіме" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Азамат

«Айжанмен бір рет қана сөйлесіп, ағалық ақыл-кеңесімді бергенмін. Бірақ Айжан ақылымды тыңдайтындай сыңай танытқан жоқ. «Қайран сөзім қор болды» деп ойладым», - дейді актер. 

Десе де кез келген адамға барып ақыл айта берудің де дұрыс еместігін айтты. 

«Естір құлақ болса айту керек, ал егер елемейтін адам болса, оны өзгертетін сен емессің. «Қазақ қыздарын, елді тәрбиелеймін» деген кісілермен сәл-сәл келіспейтін сияқтымын. Өйткені әрбір адамды өзінің отбасы тәрбиелеуі керек», - деп қорытты Азамат Сатыбалды. 

Талқылау