Қызылордадағы атыстан зардап шеккен азамат қайтыс болды

Қызылордада атыс кезіне жарақат алған азамат қайтыс болды.

Бұл жөнінде Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті.

«Науқас облыстық медицина орталығына ауыр жағдайда жеткізілді. Дереу қабылдау бөлімінен жансақтау бөліміне жатқызылды. Сол мезетте «іш қуысына терең оқ тиген, ішкі ағзалары зақымдалған. 4 дəрежелі геморрагиялық шок» деген диагноз қойылды. Науқасқа шұғыл ота жасалды. Алайда, көрсетілген реанимациялық шараларға қарамастан жарақаттанған азамат 27 наурыз күні кешкісін көз жұмды»,- делінген хабарламада.

Естеріңізге салайық,  Қызылордада жергілікті уақытпен сағат 14-50-дер шамасында Әйтеке би көшесінде жастар арасында төбелес болды. Нәтижесінде 1 адам дене жарақатымен облыстық медициналық орталыққа жеткізілді.

Тағы да оқыңыз:

Қытайдың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі: Біз Димашты зерттеп жатырмыз

Кемерово облысының вице-губернаторы халықтан тізерлеп тұрып кешірім сұрады (видео)

Ақмола облысында ауыл әкімі кісі өлтірді деген күдікке ілінді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар