Қызылордада салымшыларға арналған тұрғын үй бой көтермек

Дүйсенбі, 1 Ақпан , 2016 11:54

31 қаңтар күні Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев пен «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов банк салымшыларына арналған баспананың алғашқы кірпішін қалады.

6eade91a16840486e32ea882e9cf7a17

Сурет 7kun.kz сайтынан алынды.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Биыл Қызылорда облысы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына арнап қосымша тағы 40 мың шаршы метр баспана тұрғызады.

Құрылыс банктің дағдарысқа қарсы «Өз үйім» жеке бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Оған дейін облыс әкімдігі, банк және құрылыс компаниялардың өкілдері үш жақты өзара әріптестік жөніндегі Меморандумға қол қойған болатын. Меморандум аясында тараптар тығыз ынтымақтастыққа қол жеткізбек. Осының арқасында Қызылорда облысы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Өз үйім» бағдарламасына қосылған алғашқы өңір атанып отыр.

Нәтижесінде «Сырдария» ықшамауданында жалпы аумағы 6700 шаршы метр болатын 100 пәтерлік 2 тұрғын үй, «Арай-3» ықшамауданында жалпы аумағы 33 мың шаршы метрді құрайтын 500 пәтерлік 10 үй бой көтереді.  Бір шаршы метрдің бағасы 130-140 мың теңге. Бағалар құрылыс басталғанда бекітіліп, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары үшін өзгеріссіз қалады.

Экономикалық ахуалдың нашарлауына қарамастан, Қызылорда облысының әкімдігі құрылыс компаниялары мен құрылыс материалдарының аймақтық өндірушілерінің іс-қимылын сәтті ұйымдастыра білді. Осы жұмыстың арқасында Қызылорда тұрғындары арзан әрі жайлы баспанаға қол жеткізу мүмкіндігін алып отыр. Бұл басқа өңірлерге тамаша үлгі болатын бастама.

Қызылорда облысы жұмысты дағдарысқа қарсы бағдарламаның бірінші бағыты бойынша жүргізуде. «Өз үйім» бағдарламасы аясында үш бағыт қарастырылған: жергілікті атқарушы органдармен жұмыс, мемлекеттік жеке меншік әріптестік және екінші деңгейлі банктермен жұмыс.

2016 жылы бағдарламаның барлық бағыттары бойынша 350 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы игерілмек. Жалпы «Өз үйім» бағдарламасы бойынша 2022 жылға дейін 1,5 млн. шаршы метр баспана салу жоспарланған.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Барибир 50/50 акша жинау керек шыгар ЖССБ-ка

    • Жұмбақ жан says:

      Мен еки жыл болды узбей салып келе жатырмын.бирак атымызда уй бар.бизге бериле ме екен

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар