Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада мұз құрсауында қалған қос аққу құтқарылды

Қызылордада көлге қыстап қалған құстар қатқан суда әбден тоңыпты. Аянышты күйге түскен қанаттыларды алдымен маңайдағы тұрғындар байқап, құтқарушыларға хабар берген, – деп хабарлайды КТК арнасы.

увуву

Көмекке келген төтенше жағдай қызметкерлері қос аққуды 2 күн жүріп, әрең қолға түсірді. Себебі, құстар алғашында әрі-бері қашып, ұстатпай қойған. Қазір оларды ветеринарлар қарап жатыр. Мамандар құстарды еркіндікке жіберу немесе Шымкенттегі зообаққа орналастыру мәселесін шешпек. Олардың айтуынша, аққулар айдын көлін қимағандықтан емес, артық салмақтың кесірінен алыс жаққа ұша алмаған.

“Ұстау қиын болды.  Азанда 8 жарымда  қайықпен барып аққуды ұстадық. Соны орман шаруашылығы қызметкерлеріне тапсырдық”, – дейді Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы бастығының орынбасары Мейрамбек Доспамбетов.


Жіберіп алмаңыз:

Елбасы судьяларға қазақ билерiнiң шешендiк сөздерiн оқуға кеңес бердi

Бойжеткен несібесін арттырған екі тоқаш жайлы әңгімесін айтып берді

Ішінен бәрі көрінетін ішкиімдер жұртты шошытты (фото)

5 жасар ауыл баласы елбасыға видео сәлем жолдады

Талқылау