Қызылордада мұғалімдер Көшербаев келеді деп мектептің кілемдеріне дейін жуып жатыр (фото)

Бейсенбі, 24 Тамыз , 2017 13:42

Қызылордалық мұғалімдер облыс әкімін  “әдемі” күтіп алу үшін мектептің барлық қара жұмысын өз мойындарына алған. Асарлатқан ұстаздарды сырттан бақылаған адамға,  ағайындылардың той болатын үйдегі дайындығына ұқсайды, -деп жазды  өңірдегі Stan.kz тілшісі.

мектеп4

1-қыркүйек қарсаңында Сыр елінде 3 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Соның бірі Жаңақорған ауданына қарасты Төменарық ауылындағы №223 мектеп. Жаңадан салынған нысанның құрылыс жұмыстары аяқталған. Күні ертең, яғни 25-ші тамыз күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ашылу салтанатына қатысып, білім ошағын пайдалануға бермек. Қазір төменарықтық педагогтар қадірлі қонақтың келуіне барынша әзірленіп, қолдарынан келгенше қарекет жасауда.

мектеп2

№223 мектептің мұғалімдері құдды бір асарға жиналған ағайындар секілді. Бірі мектепке тиесілі кілемдерді көпіртіп жуып жатса, енді бірі су тасып ауре болып жүр. Күннің салқындығы да педагогтарға мүлде кедергі емес сияқты. Ал, мектептің ішіне кірсеңіз, бастарына орамал, үстеріне жаман киімдерін киген ұстаздар тазалық шараларын жасап жатыр.

мектеп3Боялған қабырғалардағы шаңдарды сүртіп, едендегі қоқыстарды жинауда. Осыған байланысты мектеп директорымен сұхбаттаспақ болған едік. Бірақ басшыны орнынан таба алмадық. Есесіне, орынбасары сұхбат беруге уақыт таппады.

мектеп1

Ал, мұғалімдер болса ешкімнің қыспағымен жүрген жоқтарын айтады. Барлығы өз еріктерімен мектепті тазалағысы келгендерін айтты.

Оқи отырыңыз:

Әке тәрбиесі туралы сөз еткен Бүркіт көптің жүрегін елжіретті

Есентаева мен Жорабаева Димаштың суреті бейнеленген ұшаққа қатысты пікір білдірді

Әнші Серікбол Сайлаубек анасының 60 жылдығын дүркіретіп өкізді (фото)

«Шектен шықтыңыздар»: Ninety one әншісінің ата-анасы Сәкен мен Мейрамбекке ашық хат жазды

 

 

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Anonymous says:

    Кошербаев келеди десе барлык мекемедеги жагдай осылай болады. Кыспакпен келдим деп ешким айтпайды, жумыстан ким куылгысы келеди дейсин.

  • Anonymous says:

    Біріншіден облыс əкімі Қырымбек Көшербаев Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылдық округіндегі мектеп ашылуына бармайды. Фотодағы көрініс мектеп қызметкерлері жаңа оқу жылына дейін асарлатып мектеп ішін тазалауда екені айдан анық көрініп тұр.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар