Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әке тәрбиесі туралы сөз еткен Бүркіт көптің жүрегін елжіретті

Соңғы кездері әнші Бүркіт адамға ой салатын өнегелі әрі тағылымды әңгімелермен бөлісіп жүр. Мәселен, күні кеше ол әке мен бала арасындағы қарым-қатынас жайында сөз етті. Бала тәрбиесіндегі әкенің орнын түсіндіретін бұл әңгіме қазақ ағартушысы Ыбырай Алтынсаринге тиесілі.

беркут папа 240817

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Өрмекші. Құмырсқа. Қарлығаш” әңгімесін әр қазақтың баласы мектеп қабырғасында оқыған. Бұл ретте Бүркіт қысқаша әңгімені желідегі оқырмандарының есіне салуды жөн көріпті.

Әншінің әке туралы сөз қозғауы бекер емес. Анықталғандай, Бүркіттің әкесі Бекжігіт ақсақал биыл 80-нің сеңгіріне шығып отыр.

Бұл орайда желі оқырмандары келбеті келісті ақсақалдың өте жас көрінетінін айтып, таңданып жатыр. Көпшілік Бүркіттің әкесіне қатты ұқсайтынын айтуда.

Әкесі он жасар ұл баласымен далада келе жатып, баласынан сұрады: – Анау өрмекшiнi көремiсiң, не iстеп жүр? – Көремiн, өрмек тоқып жүр. – Анау құмырсқаны көремiсiң? – Көремiн, аузында бiр нанның уалшығы бар, жүгiрiп кетiп барады. – Жоғары қара, аспанда не көрiнедi? – Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында кесе тiстеген шөбi бар. Сонда әкесі айтты: – Олай болса, шырағым, ол кiшкентай жәндiктер саған үлгi. Өрмекшi маса, шыбынға тұзақ құрып жүр, ұстап алған соң, өзiне азық етуге. Құмырсқа бала-шағаларына тамақ аулап, бiр нанның уалшығын тапқан соң өзi жемей, аузына тiстеп, қуанғаннан үйiне жүгiрiп қайтып барады. Қарлығаш балапандарына ұя iстеуге шөп жиып жүр. Жұмыссыз жүрген бiр жан жоқ. Сенi де құ-дайтағала босқа жүруге жаратпаған, жұмыс iстеуге әдеттену керек депті #instaday #cool #instalike #father #папа #отец #әке Баршаңызға әкемнің жасын берсін! #80жас 🇰🇿❤️ #berkut #бүркіт

Публикация от Berkut Aisha (@berkut.kazakhstan)

Жіберіп алмаңыз:

Роза Әлқожа тыңдарманын жаңа бейнебаянмен қуантты (видео)

Ақбота Сейтмағамбет Жанар Айжанованың “келіні” атанды (фото)

«Шектен шықтыңыздар»: Ninety one әншісінің ата-анасы Сәкен мен Мейрамбекке ашық хат жазды

Афроамерикалықтармен биге басқан Бүркіттің жары желіні шулатты (видео)

 

Талқылау