Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Есентаева мен Жорабаева Димаштың суреті бейнеленген ұшаққа қатысты пікір білдірді

Продюсер Баян Есентаева мен әнші Алтынай Жорабаева Димаштың суреті бейнеленген ұшаққа қатысты пікір білдірді.

димаштын суретіне катсыты пікір

Коллаж: Stan.kz

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Баян Мақсатқызы Қазақстан әншісінің есімін әуе көлігіне беріп, суретін аспанда қалықтатқан қытайлықтардың мәдениеттілігіне қайран қалғанын жасырмады.

“Көршілеріміздің толлеранттылығына таңғаламын, тіпті тәнтімін! Біздің ұшақта қытай жұлдызының суреті тұрса, біз не істер едік?” – деп жазды ол.

Дәл осыған ұқсас пікірді әнші Алтынай Жорабаева білдірді.

“Жаным-ау сол! Алла биігіңнен түсірмесін. Біздің ұшағымызда шет елдің жұлдызы болса не істер едік?” – деп сұрады ол оқырмандарынан.

“Шетелдің емес, өзіміздің адамды қойса да, біраз әңгіме болар еді”, “Қырылып, көре алмай, ең аяғында өшіртер едік”, “Шетелдің жұлдызының суретін қойғаны несі деп жер-жебіріне жетуші едік”, “Жақтырмай, әр нәрсе айтып, бастықтарды қарғап-сілеп жүрер едік. Шетелдің адамын іліп қойыпты, ол бізге неге керек деп”, – деп жауап берді оқырмандар.

Жіберіп алмаңыз:

Әнші Серікбол Сайлаубек анасының 60 жылығын дүркіретіп өкізді (фото)

«Әйел бақыты» бағдарламасы өз жұмысын тоқтатты

«Шектен шықтыңыздар»: Ninety one әншісінің ата-анасы Сәкен мен Мейрамбекке ашық хат жазды

Афроамерикалықтармен биге басқан Бүркіттің жары желіні шулатты (видео)

 

Талқылау