Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада әскери қызметкер жас қызды өлімнен арашалап қалды

Қызылордада Қазақстан Ұлттық гвардиясының әскери қызметкері Жандос Алдабеков жас қыздың өмірін құтқарып қалды. 20 жастағы Гүлмира Сабырова көшенің қақ ортасында жүрек ұстамасына шалдыққан. Әскери бөлімнің рота командирі алғашқы көмек көрсетіп, дәрігерлердің келуін күткен, – деп хабарлайды 24.kz.

3e71fcd1e545c5fe67882dfd429f16ba_L

Тамыздың аптап ыстық күнінде Жандос Алдабеков қызметтесімен бірге вахтада тұрған.  Сол күні тору бағыты Оқушылар сарайындағы саябақ арқылы өтетін болған. Кешқұрым уақытта әскери жасақ жиналған адамдар тобын байқаған: жас қыз естен танып қалған еді. Қыздың айналасына жиналған адамдар дағдары, әрі-сәрі күйге түсікен. Сол сәтте Жандос көмекке асыққан.

«Қыздың тамыр соғысы әлсіз еді. Ал жүрек соғысы мүлдем естілмеді. Мен бірден алғашқы медициналық көмек көрсетуге кірістім. Жасанды тыныс алдырып, жүрегіне массаж жасадым. Сарбаз бен офицердің басты міндеті – қашан да болмасын азаматтар мен олардың конституциялық құқығын қорғау. Бұл міндет – тек әскери антқа деген адалдық емес, сонымен қатар азаматтық парызымыз», – дейді 55/47 әскери бөлімінің рота командирі Жандос Алдабеков.

Әскери бөлім облыс орталығында осыдан жеті жыл бұрын құрылған. Ондағы әскери қызметкерлер қоғамдық тәртіпті бақылайды. Күн сайын 145 сарбаз Қызылорда мен оның шет аумақтарында үзіліссіз вахтада тұрады.

«Қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша осы жылдың өзінде 300-ден аса міндет орындалды. 700-ден аса құқық бұзушы қамауға алынды. Олардың 73-і қылмыстық сипатқа ие болып, қылмыстық іс қозғалып, процессуалды шешім қабылданды», – дейді 55\47 әскери бөлімінің штаб басшысы Ғани Абитаев.

Қарағанды облысының тумасы Жандос Алдабеков Қызылорда облысында 12 жыл бойы қызмет етіп келеді. Қыздың өмірін құтқарғаны үшін рота командирі марапатқа ұсынылды. Қазіргі уақытта оны «Ұлттық гвардия үздігі» төсбелгісімен марапаттау мәселесі қаралып жатыр.

Талқылау