Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда облысының әкімі бір емес, бірнеше жерде айтқан уәдесін орындамай жүр

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев бір емес, бірнеше жерде айтқан уәдесін орындай алмай жүрген сияқты.

Әкім аймақтағы апатты мектептер мәселесі 2016 жылы шешіледі деп халықты сендірген еді. Бірақ, бір жылдан соң Жалағаш ауданы, Шәменов ауылындағы білім ұясы апатты деп танылды. Аядай ауылдағы қабырғалары жарылып, оқушылар қыстың күнінде де даладан су тасуға мәжбүр болған мектепте 200-ден аса бала білім алуда, деп хабарлайды 31 арна.

“2016 жылдың бірінші жарты жылдығында Қызылорда облысында апатты жағдайдағы мектептер мәселесі толығымен шешіледі.

“Елбасының 2020 жылға дейін апатты мектептер мәселесін жою туралы тапсырма берілген,13 жылы 25 мектеп қалған болса, соның 14-і салынды, енді 11-і қалды.  Оны 16-жылдың аяғына дейін толығымен шешеміз деп жоспарлап отырмыз”, – деген болатын әкім.

Бұқаралық ақпарат құралдарына айтқан әр сөзінде апатты мектептермен күресуді алдыңғы қатарға қоятын әкімнің жоспары әлі жүзеге аспай отырған сияқты. Алайда 2017 жылы 1200-дей тұрғыны бар Шәменов ауылындағы мектептің бір бөлігі  пайдалануға жарамсыз деп табылыпты. Яғни, әкім облыстағы жағдайды толық сараптамаған немесе жергілікті шенеуніктер дұрыс ақпарат жеткізбеген. Сырдария өзенінің маңында орналасқан ауылдағы мектеп ылғалдың кесірінен қабырғалары жарылып, құлау үстінде тұр дейді мектеп директоры.

“Көктемгі су көтерілу түсу деңгейіне байланысты осы мектеп апатты жағдайда деп танылып, жұмыс жасап жатырмыз. Құдай қаласа, биылғы жылы салынады деп жоспарлануда”, – дейді № 34 орта мектеп директоры Сабира Мұсаева.

200-ден аса бала білім алатын ғимараттың мәселесі бұл ғана емес. Апатты жағдайда тұрған білім ұясынының ғимаратында су ақпайды. Соның кесірінен тақта сүрту үшін оқушылар қақаған қыста аулаға шығып мұз қатқан құдықтан сыныптарына су тасиды.

Ал қысты күні табандарынан сыз өтіп даладан су тасып, бір бөлігі  жарамсыз күйде тұрған мектепте білім алатын ауылдағы 226 оқушыға білім ұясы басшысының өзі жаңа ғимарат керек екенін айтады. Облыстық білім басқармасындағылар сұраған сұхбатымызға үн қатпады. Ал облыс әкімінің осыдан екі жыл бұрын жойылады деп, алайда әлі күресіп жүрген апатты жағдайдағы мектептер санының аймақта енді нешеуі қалғаны, олардың мәселесі қашан шешілетіні белгісіз.

Тағы да оқыңыз:

Сапарбаев жиналыста ұйықтап қалған шенеуніктерді суретке түсірген тілшілерді сотқа беруді талап етті

Атбасарда құдық ішінен нәрестенің денесі табылды

 

Талқылау