Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сапарбаев жиналыста ұйықтап қалған шенеуніктерді суретке түсірген тілшілерді сотқа беруді талап етті

Жиналыста ұйықтағандар емес, оларды суретке түсіргендер кінәлі. Ақтөбе облысының әкімі журналистерді жазалауды талап етті, деп хабарлайды КТК.

Ол үшін Бердібек Сапарбаев шенеуніктерге тілшілерді сотқа беруге кеңес берген. Яғни аймақ басшысы жиналыста қалғып отыратын қарамағындағыларға емес, олардың қылығын жұртқа жариялағандарға өкпелеп отыр.

“Анау жиналысқа қатысқан жігіт сотқа беріп, өз құқығын қорғауда. Ал, біз неліктен облыстық әкімдік ретінде өзімізді қорғамаймыз? Газет мұнда іш пыстырарлық жиын болып жатқанын алдымен дәлелдесін. Сендер жұмыс істеуге қашан асығасыңдар? Бірдеңе айтсам міне жұма күні жинайын деп жатырмыз дейсіңдер”, – дейді әкім.

Жақында ғана әкімдікте өткен жиналыста қатысушыларды жаппай ұйқы қысқан. Оны жергілікті журналистер суретке түсіріп, газетке басып шығарыпты. Бердібек Сапарбаевтың баяндамасын ұйып тыңдаудың орнына, ұйықтап тыңдағандардың әрекеті әлеуметтік желіде де сөз болды. Бұған дейін тіпті қала басшысы Ілияс Испановтың өзі жиналыста ұйықтап кетіп, күлкіге қалған еді. Бірақ ол мұнысын осы күнге дейін мойындаған жоқ.

Тағы да оқыңыз:

Атбасарда құдық ішінен нәрестенің денесі табылды

Қарағандыдағы оқушы өлімі: Желідегі бейтаныс жігіт оқушы қыздан арқанмен селфи жасауын талап еткен

Талқылау