Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атбасарда канализация құдығының ішінен нәрестенің денесі табылды

Атбасарда құдықтың ішінен лақтырып тастаған  бүлдіршіннің денесі табылды.

ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 2018 жылдың 7 ақпанында сағат 11:50 шамасында Атбасар аудандық ІІБ кезекшілік бөліміне “Атбасар су арнасы” коммуналдық кəсіпорынның қызметкері хабарласып, монтаждау  жұмыстары кезінде қаладағы кəріз құдықтарының бірінен қыз баланың мəйіті табылғанын айтқан.

Оның сөзінше, нəрестенің үстінде күртеше, подгузник жəне комбинезон болған. Сәбидің жасы шамамен 1-3 айлық.

“Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 99 бабы бойынша соталды өндірістік іс қозғалды. Сондай-ақ, соттық-медициналық сараптама тағайындалып, оқиғаның мəн-жайы анықталуда”, деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Тағы да оқыңыз:

Қарағандыдағы оқушы өлімі: Желідегі бейтаныс жігіт оқушы қыздан арқанмен селфи жасауын талап еткен

Павлодарда ата-аналар балабақшаның асханасынан шіріген тамақ пен тышқан нәжісін тапқан

Талқылау