Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайлық пойызбен 50 жыланды тасымалдамақ болған

ҚХР вокзалдарының бірінде чемоданмен 50 жылан алып өтпек болған азамат ұсталды. Ер адамның айтуынша, ол әлгі жыландарды қызыл шарап өндірісі үшін пайдаланбақ болған.

Бұл туралы South China Morning Post  басылымы хабарлайды.

Оқиға 1 қазан күні Чжэцзян аймағында болған. Шамамен 50 жастағы ер адам чемоданына жыландар салып алған екен. Оны қызметкерлердің бірі байқап қалады. Жолаушының айтуынша, Гуанчжоу аймағынан арнайы келіп, арзан бағаға 4 кг жылан сатып алған екен. Үйге келген соң олардан дәстүрлі шарап жасамақ болған.

Тексерістен кейін жыландар жергілікті қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ұйымға тапсырылған. Олар чемоданнан шыққан жыландардың жабайы екенін анықтаған. Әзірге ер адамның үстінен қылмыстық істің қозғалып, қозғалмайтыны белгісіз. Бірақ, Қытайда жабайы жануарларды сатуға тыйым салынған. Әдетте жыланнан шарап әзірлеу үшін оны күріш шарабына немесе өзге алкогольді сусынға салып қояды.


Жіберіп алмаңыздар:

Мысығы тістеп алған ер адам 27 күн комада жатқан

Бір аяғы кесілген оқушы рак ауруын жеңіп, балет бишісі атанды

Көшіп барсаңыз, сізге ақша төлейтін 14 жер

Қытайда фермадан 78 сиам қолтырауыны қашып кетті

Талқылау