Қытайда қамалған қазақтардың туыстары көпшіліктен көмек сұрауда

«Атажұрт» деп аталатын ерікті жастар бірлестігі әлеуметтік желіде көпшілікке арнап үндеу тастады.

Бұл туралы Замана басылымы хабарлайды.

“Бұл отбасылар – Қытайдың Шыңжаң аймағы билігінің кесірінен асыраушысынан айырылған жүздеген отбасының аз бөлігі. Біз Талдықорған, Шелек, Ұзынағаш және Алматы – осы төрт жерге тек екі күннен, 8-ақ күнде аралап жүріп тапқан отбасылар. Әлі қанша отбасы шығады, біз бармаған қанша жер, олар естімеген әлі қанша отбасылар бар, білмедік. Мұнда тек жәрдемге аса мұқтаж отбасыларды, соның ішінде тек әйелдер мен балаларды ғана жаздық.

Бұдан бөлек, әйелі Қытайда паспортынан айырылып, саяси үйрену дейтін түрмеге еш себепсіз қамалған, соның кесірінен Қазақстанда жас баланы қарап, шарасыз қалған әкелер де бар. Ал ұлынан, қызынан тірідей айырылған ата-ана, аға-інісінен, әпке-қарындасынан тірі айы­рыл­ған азаматтар қаншама… Қытайдан көшіп келіп, күйеуі мезгілсіз ажал құшқан, айықпас ауруға ұшырап, асыраушысыз қалған немесе тағдырдың тәлкегінен күйеуі тастап кеткен жас аналар мен шиеттей балалар қаншама…”, – деп жазады еріктілер.

Тағы да оқыңыз:

Қоғам қайраткері: Қазақтың бірталай жері Қытайға өтіп кетті

Қытай еліміздің кей өңірлерін өз жері дей ме?

Алматы облысында 12 жастағы қыз бен бала үйлерінен бірігіп қашып кеткен

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
18.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар