Қытайда ата-анаға қамқорлық жасау үшін 20 күндік кезекті демалыс енгізілмек
Қытайдың Хэнань аймағында отбасындағы жалғыз балаларға қарт ата-анасына күтім жасауы үшін 20 күндік кезекті демалыс енгізбек.
Бұл тәртіп Қытайда 30 жылдан бері жүзеге асып келе жатқан “бір отбасы – бір бала” саясатының аясында жүзеге аспақ. Осыған орай, Хэнань аймағының билік өкілдері ата-анасының жасы 60-тан асқан қызметкерлерге қосымша демалыс бермек.
“Бір отбасы – бір бала” саясаты Қытайға 1970 жж енгізілген болатын. Өткен жылдың соңғы айында бұл саясаттан түбегейлі бас тартқан-ды. Бұған жергілікті тұрғындардың жылдам қартайып, қытайлық азаматтардың наразылық білдіруі себеп болған.
2050 жылы Қытай халқының төрттен бір бөлігін 65 жастан асқан тұрғындар құрайтын болады.
Талқылау