Қытай жылына 6 миллиард тарақан өсіреді: Не үшін

Тарақанды жиіркенішті жәндік ретінде қабылдау – біз үшін қалыпты жағдай. Алайда Қытайда аталған жәндік фармацевтика саласы үшін таптырмас табыс көзі болып табылады. Сондай-ақ, қытайлықтар тарақанның денсаулыққа пайдасы зор екеніне сенімді.

Қытай жылына 6 миллиард тарақан өсіреді Не үшін

Бұл туралы BBC-ге сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Бірнеше жүзжылдықтар бойы Қытай мен Азияның көптеген елдері  қуырылған тарақанды ас ретінде тұтынады. Ал бүгінде аталған жәндік түрін арнайы фермада өсіреді екен.

Мәселен, елдің оңтүстік-батысында орналасқан Сичан қаласында фармацевтикалық компаниялардың бірі жылына 6 миллиард тарақан жасап шығарады.

Жәндіктің бұл түрі аумағы екі футбол алаңындай болатын ғимаратта өсіріледі, деп жазады South China Morning Post басылымы. Ғимараттың іші жылы, қараңғы әрі дымқыл.

Тарақандар ғимарат ішінде емін-еркін жүріп, көбейе алады. Бірақ ғимараттың өзі оқшауланған, оған адамдар кіре алмайды. Есесіне бұл ферманың тарақандары ешқашан жарық көрмейді.

Мұнда жасанды интеллект жүйесі орнатылған. Ол 80 параметр (температурадан бастап тарақандағы мутацияның бар-жоқтығы, т.б.) бойынша көрсеткіштерді үздіксіз өлшеп отырады.

Оның мақсаты – тарақандарды мейлінше тезірек көбейту.

Медицина

Қытай жылына 6 миллиард тарақан өсіреді Не үшін

Тарақандар «есейген шақта» оларды аулап, бөлшектеп, тұнба дайындалады. Оны Қытайдың дәстүрлі медицинасында қолданады.

Тұнбадан балықтың исі аңқиды. Ол гастро-энтерит, асқазан жарасы мен өкпе ауруларына ем ретінде қолданылады екен.

«Бұл нағыз ғажап дәрі. Ол көптеген ауруларға ем әрі дәріден қарағанда тез әсер етеді», – дейді ауыл шаруашылығы университетінің ғалымы Лю Юйшен.

Арзан балама

«Қытай халқы қартайып барады. Сондықтан да біз егде жастағы адамдарға арналған арзандау дәрі өндіруге тырысып жатырмыз», – дейді профессор Лю.

Алайда мамандар, тарақандар фермадан қашып кеткен жағдайда, нағыз апат орын алуы мүмкін екенін ескертеді.

Қытай билігі тарақан фермаларын құруды қолдап, емханаларда тарақаннан жасалған дәрілер қолданылғанымен, ел халқы түгелдей мұны қолдамайды.

«Ол соншалықты керемет дәрі емес, ол адамдарды сиқырдың күшімен емдей алмайды ғой», – дейді Қытай медициналық академиясының зерттеушісі.

Ал өзге мамандар бір жерде тарақандардың топтасып қалуының өзі үлкен қатер деген пікірде.

«Жер сілкінісі болып немесе қызметкерлердің бірі қателік жіберіп қойып, миллиардтаған тарақандар бостандыққа шықса, нағыз апат сонда болады», – дейді профессор Чжу Чаодун.

Тағы оқыңыз: 

4 жасар қыздың шешпей тағып жүрген резинасы қолына бітіп өсіп кеткен

Ата-аналар бөксесі өте үлкен етіп жасалған қуыршақты көріп шошыды

Әлем үшін тарихи күн: Екі Корей елі арадағы жанжалды тоқтату туралы келісімге келді

Көмекке келген тікұшақ құтқарушы инженердің үстіне құлап кетті (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
13.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар