Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көмекке келген тікұшақ құтқарушы инженердің үстіне құлап кетті (видео)

Құтқару операциясы трагедиямен аяқталды. Тікұшақ құлаған жерде қызмет бабымен жүрген әуе инженерінің үстіне тағы бір әуе кемесі құлап, көз жұмды.

Бұл туралы The Independent-ке сілтеп Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Оқыс оқиға Колумбия елінің оңтүстік-шығысында орын алған. Техникалық қызмет көрсету компаниясының басшысы Иван Андрес Лопес оқиға құрбанына айналды.

Желіде пайда болған кадрда тікұшақ апат болған жерде тұрып қалады. Инженерлердің бірі құлаған тікұшақ қалдығының үстінде тұрса, ал екіншісі қолын көтеріп, ұшқышқа белгі береді. Бір кезде тікұшақ тепе-теңдігін жоғалтып, ер адамдардың үстіне құлайды.

Жергілікті құқық қорғау органы өкілінің айтуынша, тікұшақтың құлауына техникалық ақау себеп болған.

Тағы оқыңыз: 

«Бақыт маманы»: Дубай әуежайы 8 айлық баланы жұмысқа алды (видео)

Питбуль иті метроның қақ ортасында әйелдің аяғын тістеп, жібермей қойды (видео)

Бойжеткен найза ату ойынын ойнап, көзінен айырылып қала жаздады (видео)

Әкесі садақтың көмегімен ұлының тісін жұлып, оны видеоға түсіріп алды

Талқылау