Қытай журналистері Назарбаевты қазақ ұлтының әкесі деп атады

Жұма, 2 Желтоқсан , 2016 9:40

Қытайдың “Энцоклопедиялық білім” деп аталатын ғылыми-танымал журналы екі нөмірінде “Қазақ ұлтының әкесі – Назарбаев” деген тақырыппен мақала жариялады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

28256b2a9c33fdac66941438de27d8fa

Фото: Baq.kz

“Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстанның негізін салушы, әкесі және халықтың махаббаты мен құрметіне бөленген қазақ ұлтының рухани көшбасшысы. Бұл азамат мемлекет құрылғаннан бері билік басында келе жатыр. Бұл ретте ол тек қазақстандық тарихтың көшбасшысы ғана емес, кеңестік дәуірдің де белсенді қайраткері”, – деп жазады басылым.

Әрі қарай, Назарбаевтың өз талантының арқасында ұзақ жылдар бойы билік басында қалып келе жатқаны айтылады. Елбасының 90-жылдар кездегі қиын-қыстау шақтан да елді қалай алып шыққаны, өлшеусіз еңбегі мақала арқауына айналған.

Автор Назарбаевтың еркін кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік беріп, экономиканың нарықтық жүйесін іске қосқанын атап өтеді.

Еске сала кетсек, кеше,  1 желтоқсан – тұңғыш президент күні мерекесіне орай, бірқатар шаралар болып өтіп, мемлекет басшысы жастармен кездесті. Елбасы сондай-ақ, 25 жастағы кәсіпкерден сыйлық алды.

Оқи отырыңыз:

Иманғали Тасмағамбетов қазақ тілінің мәртебесі туралы өлең оқып берді (видео)

Нұрсұлтан Назарбаев 25 жасар миллионерден сыйлық алды

Назарбаев Қазақстанда өзінің Билл Гейтсін тауып алды

Қайрат Нұртас елбасыға арнап ән айтты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

15
Комментариев

Пікір қалдыру


Асел
5 сағат 44 минут кері

Өте дұрыс! Қосыламын, қолдаймын!

Жанат
5 сағат 45 минут кері

Халықтың жүрегі-қазақ деп, халық деп соғады. Әрине, солай. Елдің әкесі

Меруерт
5 сағат 46 минут кері

Аз уақыттың ішінде қазақты қазақ еткен Елбасының арқасын ғой. Сондықтан, бұл пікірлері өте дұрыс

Шынар
5 сағат 47 минут кері

Расымен солай. Елбасымыз аман болсын

нурсулу
5 сағат 47 минут кері

Керемет жазылған екен.

Айгерім
5 сағат 47 минут кері

Бұндай пікір жайдан жай шықпайтыны анық. Расында, ұлттың көшбасшысы ғана емес, ұлттың жанашыр тірегі Елбасымыз

Арай
5 сағат 48 минут кері

Елбасы аман болсын! Елдің әкесі екені өтірік емес

Нури
5 сағат 49 минут кері

Әлем елдерінде Елбасымыздың тұлғалық абыройы жоғары екенін көріп қуанып қаламыз

Тақмина
5 сағат 50 минут кері

Елбасы ұлттың әкесі. Рас айтады. Қазақ үшін зор еңбек жасаған Елбасыны қазақтың әкесі деп айтсақ артық емес

Балжан
5 сағат 52 минут кері

Әрине, Елбасы қазақтың әкесі дегенге толық келісемін!

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
05.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар