Қытай журналистері Назарбаевты қазақ ұлтының әкесі деп атады
Қытайдың “Энцоклопедиялық білім” деп аталатын ғылыми-танымал журналы екі нөмірінде “Қазақ ұлтының әкесі – Назарбаев” деген тақырыппен мақала жариялады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Фото: Baq.kz
“Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстанның негізін салушы, әкесі және халықтың махаббаты мен құрметіне бөленген қазақ ұлтының рухани көшбасшысы. Бұл азамат мемлекет құрылғаннан бері билік басында келе жатыр. Бұл ретте ол тек қазақстандық тарихтың көшбасшысы ғана емес, кеңестік дәуірдің де белсенді қайраткері”, – деп жазады басылым.
Әрі қарай, Назарбаевтың өз талантының арқасында ұзақ жылдар бойы билік басында қалып келе жатқаны айтылады. Елбасының 90-жылдар кездегі қиын-қыстау шақтан да елді қалай алып шыққаны, өлшеусіз еңбегі мақала арқауына айналған.
Автор Назарбаевтың еркін кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік беріп, экономиканың нарықтық жүйесін іске қосқанын атап өтеді.
Еске сала кетсек, кеше, 1 желтоқсан – тұңғыш президент күні мерекесіне орай, бірқатар шаралар болып өтіп, мемлекет басшысы жастармен кездесті. Елбасы сондай-ақ, 25 жастағы кәсіпкерден сыйлық алды.
Оқи отырыңыз:
Иманғали Тасмағамбетов қазақ тілінің мәртебесі туралы өлең оқып берді (видео)
Нұрсұлтан Назарбаев 25 жасар миллионерден сыйлық алды