Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай жігіті өзге қытайлықтарды украин қыздарымен таныстырып бизнеспен айналысып жүр (фото)

Бірнеше жыл бұрын қытай жігіті Мэй Айсы украин әйелімен бірге түскен суреті желіге жарияланған соң көпшілікке танылып кеткен еді. Енді ол өзге азаматтарды украин қыздарымен таныстырып жүр.

Мэй Айсы мектеп бітірген соң оқу ақысы арзан болғанына байланысты Украинаға аттанады. Сол жерде өзінен 12 жас кіші Дашамен танысып, отбасын құрады, деп жазады Shanghaiist.

Мэй желі арқылы украин қызымен қалай танысуға болатынын сұраған азаматтардың көп болғанын айтады. Ақырында қытайлықтарды украин қызымен табыстыратын бизнес ашады.

Қытайда өмір сүре алуы үшін агенттік қыздарға қытай тілі мен мәдениетін үйретеді. Жыл сайын ондаған украин қызы қытай азаматтарымен танысады.

Кейбіреулер Мэй жеңгетайлықпен айналысуда деп айыптайды. Алайда иесі ақшадан гөрі махаббат маңызды екенін айта отырып, кәсібінің халықаралық деңгейге көтерілетінін жеткізді. Ол Ресей мен Беларусияда филиалын ашпақ.

Сайт мәліметіне сәйкес, Харьковта 30 украиналық қызбен танысу үшін бойдақ жігіттің қалтасына 10 мың доллар ауырлық түседі. Ал, 45 мың долларға клуб ер азаматтың барлық талабына сай келетін қалыңдық тауып береді екен.

Тағы да оқыңыз:

Мамандар 2017 жылы ең көп сатылған смартфонды анықтады

Пластикалық ота жасатқан қытайлық қыздар елдеріне қайта алмай отыр

Қытайда аңызға айналған әлемдегі ең биік шыны көпір шытынай бастады (видео)

Талқылау