Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай мектептерінде Димаштың әндері оқытылып жатыр (видео)

Димаш десе ішкен асын жерге қоятын қытайлықтар енді оның әндерін мектеп бағдарламасына енгізді, деп жазады Stan.kz.

icon (1)

Жер бетіндегі ең алпауыт елді аузына қаратқан Димаш бұл қуанышымен желідегі парақшасында бөлісті.

“Менің екінші әуесқой сазгерлік жұмысым “Ұмытылмас күн” әнімді мектептерде үйретіп жатыр екен. Кішкентай ғана бүлдіршіндер, періштелер аман болсын. Әлемде тек бейбітшілік болсын! Бар әлемге ортақ тіл – музыка тілі екенін дәлелдеп жүрген барша тыңдармандарыма алғыс!” – деп жазды Димаш.

Айта кетейік, “Ұмытылмас күн” атты авторлық әнін Димаш Қытайда өткен I am a Singer жобасының 10-кезеңінде орындаған болатын. Өзін зор қошеметпен қарсы алған қытай халқына алғыс ретінде Димаш аталған әнді қазақ және қытай тілдерінде шырқаған еді.

Жіберіп алмаңыз:

Сәкен Майғазиев: 40-қа келіп тоқтап қалмаймыз, 7 баланың әкесі атансам деймін

Голливуд жұлдызы Дуэйн Джонсон қазақстандықпен бірге жұмыс істемек (видео)

Есентаевтың қарындасы Алагөзовке арнап торт әзірлеген Айаруға ренішін жеткізді (фото, видео)

Тоқтар Серіков: Бар әйелді, бар баланы елден жасыру – күнә

Талқылау