Тоқтар Серіков: Бар әйелді, бар баланы елден жасыру – күнә

Дүйсенбі, 18 Қыркүйек , 2017 11:35

Тоқтар Серіков отбасындағы ер мен әйелдің рөлі өзгеріп кеткен мына заманда әйелдердің ашушаң болып бара жатқанын алға тартып, мұндай қатал қоғамда өмір сүріп жатқан нәзік жандыларды аяйтынын жеткізді. Әнші өзін қоршаған барша әйел затына құрметпен қарауға тырысатынын айтып, отбасын жасыратын інілері туралы пікірін білдірді.

19622716_1933824100223826_1232678437408210944_n

Бұл туралы Zhuldyz.Tv арнасының “Сенбілік серуен” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

“Біз әйел баласына аяусыз қарап бара жатырмыз. Мынау қыз ғой, балаларымның шешесі ғой, менің де анам, қарындасым, менің де келбетті келінім, ерке жеңгем бар ғой деп қарамаймыз. Әйелді еркекше жұмсайтын заман. Әйелдерді қоғамның жұмысына араластыру деген қағида қатып қалды. Соның кесірінен әйелдер нәзіктігін жоғалтып алып жатыр. Әйел – ашу, әйел – от, әйел өртеніп бара жатыр. Осы тұрғыдан әйелдерді аяймын.

Өз басым әйелімді жақсы көремін. Оны құрметтеймін, сыйлаймын. Себебі балаларымның анасы ретінде, түтінімнің түтеуін жағып отырған адам ретінде және де қай сапарда жүрейін, аман-есен босағаға оралуымды Алладан сұрап отыратын менің жанашыр адамым, ошағымның ұйытқысы ретінде әйелімді қатты құрметтеймін. Анамды қатты жақсы көремін, қатты сыйлаймын. Оның бір сәт қабақ шытып, ренжігенін көрсем, өзімді өзім жазалап өтемін”, – дейді Тоқтар Серіков.

Бұдан бөлек әнші өмірлік жарын жұрттан жасырып жүрген інілеріне ағалық кеңесін айтты.

“Әйел алмастырғаны былай тұрсын, бар баланы, бар әйелді жасырып жүрген бауырларымыз бар. Оның ішінде өзіміздің шәкірттеріміз де бар. Жалпы бала деген Алла Тағаланың берген бақыты ғой. Оны жасыру – күнә. Онымен мақтану керек. Менде осындай бала-шағам бар, кірімді жуып, тамағымды істеп, амандығымды тілеп отырған әйелім, жанашырым бар деп мақтану керек. Көрерменін, улаған-шулаған ғашық қыздарды жоғалтып аламыз деген ниетпен жасырып жүреді. Ал сол үйдегі отырған келіншектер қандай күйде отыр? Жүректері жылап отыр ғой. Олар да сондай еркектің әйелдері болып жүргендеріне мақтанғысы келеді”, – деген Тоқтар Серіков бойдақ кезінде Бейбіт Сейдуалиевамен ара-қатынасын жұрттан жасырғанын мойындады. Алайда оның себебі басқада дейді әнші.

“Ол енді қара PR емес. Мен оның ата-анасынан, ағайын-туғанынан ұялдым. Күнде қасында бірге жүрген соң: «Мынау не істеп жүр?» деп айтпасын деп. «Жоқ, қарындасым ретінде сыйлаймын», – деген сынды бұлтартпа әңгімелер болған. Махаббатымыздың қауызы ашылып, керемет кез болған. Кейін үйленгеннен кейін бәрі жария болды. Одан кейін жасырған жоқпын. Балаларым туған сайын жар салып, қазақ елінен сүйінші сұрадым. Өнердегі бауырларыма айтарым, бар дүниені жасырмасын. Оны Алладан жасыратын болсаң, ол қайтып алып қояды. Ал енді екінші, үшінші әйел ауыстырып жатқандарға ештеңе дей алмаймын. Ол жеке тағдырлары”, – деп түйіндеді сөзін Тоқтар Серіков.

Жіберіп алмаңыз:

Жеңіс Ысқақова ұлын үйлендіріп, дүркіретіп той жасады (фото)

Сәкен Майғазиев: Динара маған тұрмысқа шыққанда қайынатам қатты қуанған

Қайрат Нұртастың 10 жыл бойы келіншегін жасыруының себебі белгілі болды

Есебаев хит әнін Айдана Меденоваға бермегеніне өкініп қалды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар