Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртастың 10 жыл бойы келіншегін жасыруының себебі белгілі болды

Жуырда Қайрат Нұртас көп жылдар бойы жасырып келген келіншегін елге көрсетті. Жұлдыз Әбдікәрімова түскен клиптің жарыққа шыққаны сол-ақ еді, желіде Қайраттың келіншегінің атынан жаңа парақша ашылды. Алайда оны жүргізіп отырған Жұлдыздың өзі ме, әлде оның өмірінен хабары бар танысы ма, ол жағы белгісіз. Өз кезегінде тыңдарман қауым Қайраттың айдай сұлу келіншегін жасырып келгеніне түрлі себеп іздеп әлек, деп жазады Stan.kz.

21568535_136903963586720_1011064863738298368_n

Фанаттардың бір тобы Жұлдыз ақылына көркі сай сұлу келіншек болғандықтан, Қайрат қызғаныштан жасырып келді деп болжам жасаса, ендігілер мұның себебін Қайраттың ел алдындағы имиджімен байланыстырады. Алайда шындық басқада.

31 арнаның хабарлауынша, Қайраттың сүйіктісін көп жылдар жасырып, тасада ұстауына ашушаң да, қызғаншақ фанаттарының қатары көбейгені себеп болыпты. Сондықтан да отбасыма зиян келеді ме деп қатты қорыққанын отбасымен араласып жүрген және жұлдызды жұп Ғани мен Бота жайып салды.

“Қауіпсіздік мақсатында сияқты. Қайрат Нұртастың жанкүйерлері, қыздар қызғанышпен Жұлдызға немесе балаларына зақым келтіруі мүмкін еді. Себебі неше түрлі жанкүйер бар”, – дейді Ғанидің Ботасы ағынан жарылып.

Жіберіп алмаңыз:

Есебаев хит әнін Айдана Меденоваға бермегеніне өкініп қалды

Ерке Есмахан мен Төреғали Төреәлінің хит әндерінің авторы шаңырақ көтерді (видео)

Жеңіс Ысқақова келін түсірді (фото, видео)

Тоқтар Серіков: 91-ге ерегіскенде сақалым ағарғанша сахнада жүремін

Талқылау