Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Голливуд жұлдызы Дуэйн Джонсон қазақстандықпен бірге жұмыс істемек (видео)

Street Workout бойынша Қазақстан федерациясының вице-президенті Ислам Бадургов пен продюсер Амир Аллахверди Лас-Вегаста голливудтық жұлдыз Дуэйн «Скала» Джонсонмен кездесті.

20170918145432

Бұл туралы Ислам Бадургов желідегі парақшасында жазды.

«Достар, 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста бейресми жағдайда мен және менің досым, продюсер Амир Аллахверди даңқты актер әрі спортшы Дуэйн Джонсонмен кездестік. Көпшілік оны Скала деп таниды. Ол аты аңызға айналған тұлға. Спортта болсын, өмірде болсын бұл кісі маған үлкен мотивация береді. Бұл кісі өзінің энергетикасымен тек мені емес, айналасындағы жандардың барлығын шабыттандыратын жан. Ол талмай-тынбай еңбек етсең, ерте ме, кеш пе әр адамның мақсатқа жететінін барша жұртқа көрсете білген адам.

Сондықтан да достар, жаңалықтарды қарап отырыңыздар. Жақында сіздерді қуантатын боламыз», – деп жазды Ислам Бадургов.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, Ислам Бадургов пен Дуэйн Джонсон бірігіп жұмыс істемек. Алайда Бадургов әзірге елді елең еткізер қандай жоба екенін айтудан бас тартты.

Жіберіп алмаңыз:

Николь Кидман салтанатты шарада күйеуінің көзінше әріптесін сүйіп алды (видео)

Ерлан Орынбасаров: Өзіңді жақсы көретін әйел болса, үйге асығып тұрасың

Меруерт Түсіпбаева алғаш рет жалғыз ұлының әкесі туралы айтты

Есентаевтың қарындасы Алагөзовке арнап торт әзірлеген Айаруға ренішін жеткізді (фото, видео)

Талқылау