Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай әр отбасындағы бала санына қатысты шектеуден бас тартуы мүмкін

Қытай билігі әр отбасындағы бала санына қатысты қойылған шектеуден бас тартуы мүмкін.

Қытай әр отбасындағы бала санына қатысты шектеуден бас тартуы мүмкін

Бұл туралы Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Басылымда аталғандай, Қытай билігі халықтың қартаюының алдын алу үшін, осындай қадамға бармақ. Биылғы жылдың соңында бала санына шектеу қоймау туралы шешім қабылданып, 2019 жылы өз күшіне енуі мүмкін.

Сондай-ақ, мұндай шешім құқыққорғаушылар тарапынан Пекинге қатысты айтылған сындарға жауап ретінде қарастырылған болуы ықтимал. Бұған дейін құқыққорғаушылар бала тууға шектеу қою саясаты адам құқығын бұзатынын айтқан еді.

Айта кетсек, Қытай 1970 жылдардан бері «бір отбасы – бір бала» саясатын ұстанып келеді. 2015 жылдың қазан айында билік әр отбасына 2 баладан тууға рұқсат беру туралы жоспарланып отырғанын мәлімдесе, 2016 жылдың 1 қаңтарында бұл заң күшіне енді. Нәтижесінде 2016 жылы ҚХР-да 17,6 миллион бала дүниеге келген.

Оқи отырыңыз:

Рамазан айында жұмыс істеп жатқан мұсылмандар еврейлер үшін қауіпті саналуда

Әкесі қызын көлікте ұмытып кеткен: қыз қайтыс болды

Әйел 5 рет түсік тастаған құрбысына егіз балаларын туып берді (фото)

Қолына балаларының есімін жаздыртқан ана шебердің қателігіне бола ұлының есімін өзгерткен

Талқылау