Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қолына балаларының есімін жаздыртқан ана шебердің қателігіне бола ұлының есімін өзгерткен

Швециялық Джоанна Гизельхелл Сандстрём қолына Нова және Кевин есімді балаларының аты-жөнін жаздырып, татуировка жасатқысы келген. Алайда, шебер екінші баланың атында қателік жіберіп қойған екен. Содан, балаларының есімін жаздырғысы келген ананың алдында қиын таңдау тұрды. Ол – татуировканы өшіріп, болмаса ұлынын есімін өзгерту болды.

Қолына балаларының есімін жаздыртқан ана шебердің қателігіне бола ұлының есімін өзгерткен

Бұл туралы Life.ru-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Ата-аналардың көпшілігі балаларының есімін ұзақ және мұқият таңдайды. Сондай-ақ, бұл маңызды шешімді бөтен біреуге, оның үстіне тату өнерінің суретшісіне тапсыра алмайды. Бірақ, швециялық Джоанна Гизельхелл татуирова салушының қателігінен, «Кевин» есімді ұлының атын «Кельвин» деп қайта өзгертті.

Джоанна алдымен қатені түзету үшін татуировка салатын салонға жүгінгенін айтты. Бірақ, шебер бұның мүмкін емес екенін айтқан екен. Оның үстіне қателік жіберген шебер татуировкаға кеткен шығынды толық өтеп, оңай құтылып кеткен. Содан, әйел қолындағы жазуды қалай өшірудің жолдарын іздеген. Бірақ, ол әдістер оған тым жағымсыз көрінді. Не істерін білмеген Джоанна жағдайды күйеуімен талқылап, ұлдарының есімін Келвин деп өзгертуге шешім қабылдады.

Баласының атын қайта қойған Джоанна ұлына ескі есімге қарағанда, жаңа есім қатты ұнайды дейді. Жас ана оның себебін  бірегей есім емес деп, түсіндірді. Шебердің қателігіне бола ұлының атын өзгерткен ана осы жағдайға қарамастан үшінші баласы Фреяның  есімін де қолына жаздырып алғысы келеді. Бірақ, бұл жағдайға қайта ұрыну оның жоспарында жоқ. Ол келесі жолы, шебер ұлының есімін есте сақтағанына сенімді болғанда ғана татуировака жасатпақшы екен.

Оқи отырыңыз:

Аргентиналық футболшы Месси бесінші рет «Алтын бәтеңке» жүлдесінің иегері атанды

39-жастағы британдық азамат шағым түсіру арқылы жылына мыңдаған доллар табады

Робот ауруханаға түскен науқас қыздың орнына мектеп бітіріп шықты (видео)

Лотерея билетіне екі туған күнін де белгілеген азамат 1,9 миллион АҚШ долларын ұтып алды

Талқылау