Қысқа кисең ұятсыз, ұзын кисең ваxабиссің: Айнұр Тұрсынбаева көпшілікке ренішін жеткізді

Белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева телефонның ар жағында отырып желіде жағымсыз пікір жаудырып, сынап-мінеп отыратын желі қолданушыларына ренішін жеткізді, деп жазады Stan.kz.

Айнұр Тұрсынбаева

Айнұр Тұрсынбаеваның сөзінше, желідегі парақшасына қанша мінсіз сурет салғанымен, жұрт сынайтын, мінейтін дүниені табады. Көйлек салсаң мақтаншақ, тамақ салсаң надан, көлік салсаң қаңғыбас, қысқа кисең ұятсыз, ұзын кисең ваxабиссің, дейді айтыскер.

«Қалың көпшіліктің арасында тұрсыз. Дәл сол сәтте сізге кім жымиып қараса міндетті түрде сіз де жымиясыз. Солай ғой?! Қабағын түйіп, ашулы тұрған адамға жоламауға, қарамауға тырысасыз. Туыстардың арасында немесе достардың арасында ашуланшақ біреу бар делік. Оны жақтырмайсыз, жолағыңыз келмейді. Сөзіңіз дұрыс болса да үндемейсіз, «бәлесінен аулақ» деп не айтса да келісе саласыз. Кез-келген кештің шырқын бұзатын бәлеқор танысыңыз болса тіпті жаман. Шақырсаң лаңдатып кетеді, шақырмасаң бәлеге қаласың. Қай кезде де тек жамандық шақырып сөйлейтін де адамдар болады. “Өстіп жүріп ауырасың сен”, “бір күні суық тиіп тұрмай қаласың”, “жұмыстан шығарып жібереді” деген сияқты негатив шақырады да жүреді. Ондайлар кездессе, аузын ашпаса екен деп тұрасың.

Instagram-да  отырып алып та тек кінәрәт іздеп, негатив қана жазатын адамдар бар. Олардың сосын көздері де өткір келеді. “Көйлегіңнің етегі кір екен ғой”, фотошоппен әдемі боп тұр”, “бес тонна бояу”, “аяғың қисық”, “құлағың дәу”. Қанша керемет сурет салсаң да шұқылап отырып тауып алады.. Ештеңе жақпайды.. Көйлек салсаң мақтаншақсың, тамақ салсаң надансың, көлік салсаң қаңғыбассың, қысқа кисең ұятсызсың, ұзын кисең ваxабиссің. Жап-жақсы пікірлер оқып, мәз боп келе жатасың да көңілің құлазып сала береді. Айдаладағы танымайтын адамға көңілің бірден суып кете салады. Оларды жек көресің, олардың энергиясы сізге ауыр», – деп жазды Айнұр Тұрсынбаева Instagram-парақшасында.

Сондай-ақ, Айнұр Тұрсынбаева үнемі айналасына тек жағымды энергия таратып, жымиып жүруге кеңес берді.

«Керісінше үнемі тілеулес болып жүретін адамдар бар, пікір жазбай қалса іздейсің. Сын айтса да кешіріңізші деп мың рет кешірім сұрап алып айтады. Ондай адамдар жазған әрбір әріптен мейірім бұрқырап тұрады. Танымасаң да жақсы көресің. Достардың арасында да сондай мейірімділері болады. Жаның қиналса соны іздейсің. Оны сағынасың. Ол бәріне сүйкімді. Тек қуаныш сыйлап жүретін көңілді таныстар болады. Олармен араласқың келеді, іздейсің. Саған тілеулес болып жүретін жанашырларың болады, ал оларға сенесің. Сені жақсы көретін адамды қалай жек көруге болады, әрине сенде оны жақсы көресің. Жақсы адамдар өздеріне магнит құсап тартып тұрады. Жақсы энергия дегеніміз осы. Жан-жағына тек жақсы энергия тарататын жақсы адамдардың қатарынан болайық. Жымиып жүріңіз, сонда бәріне сүйкімдісіз! Ораза қабыл болсын!» – деп жазды айтыскер.

Оқи отырыңыз:

Қазақы шапанын тастамай киіп жүрген Сәкен Майғазиев жұртты күлдірді (видео)

Марқұм Батырхан Шүкеновтің әнін орындаған Жанболат пен Жазира жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

Ресейлік әнші Елка Алматыда бейнебаян түсірді (видео)

Кіндік шешесі Қарақаттың қызына 1 миллион теңге сыйлаған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар