Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақы шапанын тастамай киіп жүрген Сәкен Майғазиев жұртты күлдірді (видео)

Белгілі әнші Сәкен Майғазиев соңғы уақыттарда өзіне шапан жауып жатқан видеоларын жиі жариялайтын болған. Ендігі ол шапан киіп жүргенге үйреніп қалған тәрізді, деп жазады Stan.kz.

Сәкен Майғазиев

Сәкен Майғазиев Instаgram желісіндегі парақшасында шапанмен жүрген видеосын жариялады. Видео кадрларынан әншінің көшеде қазақы шапан мен бас киім киіп жүргені байқалады.

«Кигізген шапандарды шешкім келмейтінді шығарыппын», – деп жазды әнші.

 

Өз кезегінде желі қолданушылары әншіге риза болып жатты. «Әзілқой екенсіз ғой, Сәкен аға», «Аға, шапан жарасады. Шапан киіп жүретін кезеңді өзіңіз бастасаңыз енді», «Күшті жарасады. Үнемі тастамай киіп жүріңізші. Басқаларға үлгі боласыз», – деп жазды желі қолданушылары.

Оқи отырыңыз:

Марқұм Батырхан Шүкеновтің әнін орындаған Жанболат пен Жазира жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

Ресейлік әнші Елка Алматыда бейнебаян түсірді (видео)

Кіндік шешесі Қарақаттың қызына 1 миллион теңге сыйлаған

Нұрболат Абдуллин Алматыда концерт беру үшін үш бөлмелі пәтерден бас тартты

Талқылау