Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Марқұм Батырхан Шүкеновтің әнін орындаған Жанболат пен Жазира жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

Жұлдызды жұп Жанболат пен Жазира марқұм Батырхан Шүкеновтің әнін орындап жұрттың жүрегін елжіретті. Олар шағын отырыс кезінде әншінің «Нелюбимая» әнін шырқады, деп жазады Stan.kz.

Жанболат пен Жазира

Жазира Байырбекова Instagram желісіндегі парақшасында күйеуі екеуінің марқұм Батырхан Шүкеновтің «Нелюбимая» әнін шырқаған видеосын жариялады.

«Батырxан Шүкенов ағамыздың репертуарын ұнатпайтын адам жоқ шығар. Ағамыздың жаны жәннатта болсын!» – деп жазды әнші.

Өз кезегінде желі қолданушылары олардың әнді орындауына тәнті болып, марқұм Батырхан Шүкеновті еске алысты.

 

«Дауыстарыңыз керемет. Батырхан ағаның жаны жәннатта болғай», «Жанболат керемет орындап отыр. Қарапайымдылық. Марқұм Батырхан Шүкенов сондай еді», «Батыр ағамыз өмірге бір-ақ рет келетін адам ғой», – деп жазды пікіп қалдырушылар.

Оқи отырыңыз:

Ресейлік әнші Елка Алматыда бейнебаян түсірді (видео)

Кіндік шешесі Қарақаттың қызына 1 миллион теңге сыйлаған

Нұрболат Абдуллин Алматыда концерт беру үшін үш бөлмелі пәтерден бас тартты

Қыдекеңе сыйлықтың “көкесін” жасадым: Қарақат жарының туған күніне ерекше құттықтау жолдады (фото)

Талқылау